Дарвин Нуньес «Ливерпуль» ойыншысы атанды

13.06.2022, 16:01
Уругвайлық шабуылшы алты жылдық келісім-шартқа отырды.
Дарвин Нуньес «Ливерпуль» ойыншысы атанды

«Бенфика» уругвайлық шабуылшы Дарвин Нуньестің «Ливерпульге» ауысқанын хабарлады.

«Таңертең «Бенфика» Бағалы қағаздар нарығы комиссиясына (CMVM) «Ливерпульмен» ойыншы Дарвин Нуньестің барлық құқықтарын 75 миллион еуроға сату туралы келісімге келгенін хабарлады. Келісімде бонустар да қарастырылған, сондықтан жалпы сатылым құны 100 миллион еуро болуы мүмкін», - деп жазылған клубтың ресми сайтында.

Нуньес мерсисайдтық клубпен алты жылдық келісім-шартқа отырады. Уругвайлық шабуылшы бүгін Англияға келіп, медициналық тексерістен өтеді.

Өткен маусымда Дарвин «Бенфика» үшін 41 матчта 34 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Шабуылшы португалиялық клуб сапында 2020 жылдың қыркүйегінен бері өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×