Эльхан Астанов: «Словактарға бірінші ойындағы жеңістің кездейсоқ емес екенін дәлелдегіміз келеді»

13.06.2022, 17:11
Эльхан бұған дейінгі үш матчтың бәрінде негізгі құрамнан шықты.
Эльхан Астанов: «Словактарға бірінші ойындағы жеңістің кездейсоқ емес екенін дәлелдегіміз келеді»

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов Ұлттар лигасының төртінші турында Словакиямен болатын матч туралы өз ойымен бөлісті:

- Біріншіден, жанкүйерлерімізге осындай қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Менің ойымша, ертең стадионға жанкүйерлер көп жиналады. Біз қызу дайындалып жатырмыз, словактарға бірінші ойындағы жеңістің кездейсоқ емес екенін дәлелдеп, көшбасшылықты сақтап қалғымыз келеді.

Әрине, ауыр сапарды ескерсек, мұны істеу қиын болады, бірақ біз дайындалып жатырмыз, әлі күшіміз бар, соңына дейін күресеміз.

Беларусьті 84-минутқа дейін жеңіп, болмашы гол жіберіп алғанымыщ өкінішті-ақ, бірақ сырт алаңдағы тең ойын - жақсы нәтиже. Оларды өз алаңымызда жеңеміз деген үміттемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×