Швейцария шабуылшысы Ұлттар лигасындағы ең жылдам голдың авторы атанды

13.06.2022, 20:03
Шабуылшының бұл голы Швейцарияға жеңіс сыйлады.
Швейцария шабуылшысы Ұлттар лигасындағы ең жылдам голдың авторы атанды

Кеше, 12 маусымда Каруж қаласындағы (Швейцария) «Стад де Женев» стадионында УЕФА Ұлттар лигасының төртінші туры аясында Швейцария құрамасы Португалияны қабылдады.

Есеп бірінші таймның басында ашылды. 57-секундта швейцариялық шабуылшы Харис Сеферович Сильван Видмердің пасынан кейін қарсылас қақпасын дәл көздеді. Бұл Ұлттар Лигасының тарихындағы ең жылдам гол ретінде тіркелді.

Айта кетейік, 30 жастағы футболшының голы Швейцарияға жеңіс сыйлады. 2013 жылдан бері ұлттық құрама жейдесінде 86 матчқа қатысқан Сеферович кеше 25-ші голын соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×