Еркін Тапаловтың қай командаға ауысатыны белгілі болды

13.06.2022, 21:08
ҚПЛ-дағы жазғы трансферлік терезе 28 маусымда ашылады.
Еркін Тапаловтың қай командаға ауысатыны белгілі болды

«Тұранның» жартылай қорғаушысы Еркін Тапаловқа петропавлдық «Қызыл-Жар» қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

«Тұрандағы» қаржылық қиындықтарына байланысты әмбебап футболшы мансабын басқа командада жалғастырады. Еркін Тапалов петропавлдық команданың бас бапкері Әли Әлиевпен сөйлесіп, «Қызыл-Жарға» ауысуға дайын екенін айтқан.

Ағымдағы маусымда Еркін Премьер-лиганың 9 ойынына қатысып, нәтижелі іс-әрекеттерімен көзге түспеді.

Еске салайық, ҚПЛ-дағы жазғы трансферлік терезе 28 маусымда ашылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×