Ди Мария: «Мен Криштиану Роналдудың "Манчестер Юнайтед" сапына қайта оралуы мүмкін деп ойламаймын"

08.01.2015, 05:13
Ди Мария: «Мен Криштиану Роналдудың "Манчестер Юнайтед" сапына қайта оралуы мүмкін деп ойламаймын"
1409399195_1232513-26347501-1600-900"Қызыл сойқандардың" жартылай қорғаушысы Анхель Ди Мария өзінің бұрынғы командаласы, әрі "Реал" клубының үздік шабуылшысы Криштиану Роналдудың қызыл сойқандар қатарына қайта оралуы жайлы өз ойын айтты. «Мен Криштиану Роналдудың "Манчестер Юнайтед" сапына қайта оралуы мүмкін деп ойламаймын. Оның «Реал» клубынан кетуі қиын. Бұл жағдай орын алуы мүмкін, бірақ қазір Роналду өзінің клубындағы ең бір бақытты кездерін өткізуде. Мен оның басқа клубқа ауысуы мүмкін дегендеріне мүлдем сенгім де келмейді" , – деп Ди Мария өз пікірін білдірді. Естеріңізге сала кетейік, Ди Мария былтырғы жылдың жазында «Реалдан» «Манчестер Юнайтед» клубы сапына 59,7 миллион фунтқа , ал Роналду 2009 жылы "Манчестер Юнайтед" клубынан "Реалға" 93 миллион фунтқа ауысқан болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×