Роналду мен Неймар Forbes басылымының нұсқасы бойынша әлемдегі ең мықты 30 спортшы қатарына енді

08.01.2015, 04:45
Роналду мен Неймар Forbes басылымының нұсқасы бойынша әлемдегі ең мықты 30 спортшы қатарына енді
"Реал" клубында өнер көрсететін Криштиану Роналду мен "Барселона" жейдесінің намысын қорғап жүрген Неймар Forbes басылымының нұсқасы бойынша әлемдегі ең мықты 30 спортшы қатарына еніп отырған футболшылар болып саналады. Бұл тізімнің қатарынан португальдік және бразильдік футболшылардан да бөлек теннисші Новак Джокович, баскетболшылар Крис Пол және Джеймс Харден табылып отыр. Forbes басылымы бұл сараптамасында спортшылардың жетістіктерін ғана емес, сонымен қатар олардың тапқан табыстарын және әлемге деген танымалдығын ескеріпті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×