Дорош «Астананың» үздік легионері

21.12.2011, 00:39
Дорош «Астананың» үздік легионері
Жауап нұсқасы ретінде команданың барлық бес өкілі ұсынылды. Біз күткендей бірінші орын үшін күрес серб Ненад Эрич, черногор Драган Богавац пен молдаван Игорь Бугаевтің арасында өтті. Нәтижесінде апталық дауыс беру «Астананың» шабуылшысы Игорь Бугаевтің жеңісімен аяқталды. Ол үшін 73 адам дауыс берді, бұл бүкіл дауыстардың 31 пайызын құрайды. Естеріңізге сала кетсек, Игорь команданың үздік футболшысы атағы үшін күресте де жеңіп алды. Игорь Суперкубок үшін «Тоболмен» матчтың негізгі батырына айналды, ол кезде ол қостанайлықтардың қақпасына екі гол салды. Онымен бірге Игорьдің есебінде «Ақтөбемен» өткізген тамаша ойын, осы кезде «Астананың» үздік бомбардирі клубтың тарихында өзінің хет-тригімен ерекшеленді. Одан 6 дауыс кем алған – Драган Богавац. Ұзын бойлы емес черногорлық команданың құрамына өте жақсы енді, ол жанкүйерлерге ұнап, бүкіл маусымды тұрақты өткізді, алайда бір жылда жарақат себебінен бірнеше ойынды жіберіп алды. Оған қарамастан оның қоржынында 12 салынған гол мен 8 голдық пас. Біздің рейтингіміздегі үшінші орнына голкипер Ненад Эрич ие. Ол үшін 50 адам дауыс берді. Серб қақпашысы команданың алғашқы ойындарынан бастап елордалық жанкүйерлерінің еркесіне айналды. Жанкүйерлердің ондай сүйіспеншілігін ол өзінің биік (197 см.) бойымен емес, елордалық команданың қорғанысының соңғы шекарасындағы күшті ойынымен жаулап алды. Оның қоржынында маусымдағы 12 «құрғақ» ойын мен жіберліген допсыз 3 жақсы сериясы бар. «Астананың» 2011 жылдың маусымындағы үздік легионері 1. Игорь Бугаев 31.88% (дауыстар: 73) 2. Драган Богавац 29.26% (дауыстар: 67) 3. Ненад Эрич 21.83% (дауыстар: 50) 4. Анатолий Дорош 9.61% (дауыстар: 22) 5. Боби Божиновски 7.42% (дауыстар: 17) Жалпы дауыстар: 229 Ал «Астананың» ресми сайтының қонақтары жаңа дауыс беруде қатысым ала алады. Осы реттегі тақырып: «Дубль құрамының үздік ойыншысы». Үміткерлер ретінде дубль құрамасының 2011 жылдың маусымындағы ойындарының кем дегенде 60%-ын ойнап шыққан футболшылар ұсынылған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×