ИГОРЬ БУГАЕВ «АСТАНАНЫҢ» ЕҢ ТЕЗ ГОЛЫНЫҢ АВТОРЫ

21.12.2011, 00:41
ИГОРЬ БУГАЕВ «АСТАНАНЫҢ» ЕҢ ТЕЗ ГОЛЫНЫҢ АВТОРЫ

«Астана» - «Қайрат» матчының 3-минутында алматылықтардың қақпашысы Андрей Цветков Игорь Бугаев дәл жіберген допты өз қақпаларынан шығаруға мәжбүр болды. Бұл ойынды астаналықтар ірі есеппен жеңіп алды – 6:1. Бір ай өткен соң, - 23 шілдеде Драган Богавац Шымкенттегі «Ордабасымен» ойынының 4-минутында гол салды, алайда жеңіске қол жеткізе алмай қалды – 1:1, бұл жалпы айтқанда жаман емес, өйткені команда бұл ойынды қонақта өткізді және де Ненад Эрич осы ойында екі пенальтиді тойтара алды. Тез салынған голдар рейтингінде үшінші орынға Пиралы Алиев ие болды. Үшінші кезеңінің ойынында ол «Тараз» - «Астана» матчының 8-минутында есеп ашты, осы ойын біздің командамыздың жеңісімен аяқталды – 2:1. Біздің рейтингімізде келесі орынға қайтадан қонақтағы ойында салынған гол ие болды. 12 маусымда Қызылордада Танат Нусербаев ойынның 11-минутында гол салды. Танат осы кезде есепті теңестірген болатыны туралы айта кету қажет. Матчтың 7-минутында «Қайсардың» ойыншысы Дмитрий Богдан гол салған болатын. Ал кездесудің өзі астаналық команданың жеңісімен аяқталды – 4:2. «Астананың» тез салынған голдардың бестігін «Астана Аренадағы» «Тоболдың» қақпасына 21 мамыр күні Михаил Рожков салған голы жабады. Осы матчта астаналықтар өз жеңісін тойларды – 3:1. Игорь Бугаев онымен бірге «Астананың» бақталастарына салынған голдардың тездігі бойынша рекордына ие. 2010 жылы ол қарағандылық «Шахтердің» қақпасына ойынның 2-минутында гол сала алды. «Астананың» ең тез салынған голдардың ондығы мынадай: 1. 2-ші минут   Игорь Бугаев 22.10.2010Локомотив - Шахтер - 1:1 2. 3-ші минут     Игорь Бугаев 19.06.2011      Астана - Қайрат - 6:1 3. 4-ші минут     Драган Богавац    23.07.2011      Ордабасы - Астана - 1:1 4. 6-шы минут     Қайрат Аширбеков  25.04.2009      Гефест - Локомотив - 0:2 5. 7-ші минут     Жамбыл Кукеев        13.07.2009      Оқжетпес - Локомотив - 1:5 6. 7-ші минут    Максим Шацких  5.09.2009      Ақтөбе - Локомотив - 0:1 7. 8-ші минут   Пиралы Алиев  17.03.2011 Тараз - Локомотив - 1:2 8. 9-шы минут     Валерий Андроник 16.05.2010 Цесна - Локомотив - 0:3 9. 10-шы минут  Андрей Тихонов 24.05.2009  Локомотив - Жетісу - 1:0 10. 11-ші минут Максим Шацких 02.11.2009 Локомотив - Қазақмыс - 3:0 11-ші минут Танат Нусербаев 12.06.2011      Қайсар - Астана - 2:4
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×