Дрис Мертенс «Наполи» тарихындағы үздік сұрмерген атануға бір табан жақын

26.02.2020, 17:36
Дрис Мертенс «Наполи» тарихындағы үздік сұрмерген атануға бір табан жақын

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңі аясындағы «Наполи» мен «Барселона» арасындағы бірінші матч тең (1:1) аяқталды. Матч Неапольдегі «Сан-Паоло» стадионында өтті.

Ойынның 30-минутында алаң қожайындары сапынан Дрис Мертенс гол салып, есеп ашты. Бұл бельгиялық шабуылшының «Наполи» жейдесіндегі 121-голы болатын. Қазір Дрис клубтың ең үздік сұрмергені словакиялық Марек Гамшекпен теңесті. Келесі гол Мертенстің мерейін асырмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Гамшек аталған жетістікті 2017 жылы тіркеген-ді. Ал үшінші орында Диего Марадона (115 гол) тұр.

https://twitter.com/OptaPaolo/status/1232403603975016453?s=20

Жауапты матч 18 наурызда өтеді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×