Джеррард: "Бір кездері "Реалға" ауысқым-ақ келген".

23.10.2014, 05:07
Джеррард: "Бір кездері "Реалға" ауысқым-ақ келген".
Мерсисайдтық "Ливерпульдің" капитаны Стивен Джеррард, уақытында испандық "Реал Мадрид" клубына ауысқысы келгенін жасырмады. Бірнеше рет, корольдік клубтың президенті Фларентино Перес тарапынан бас айналдырарлық ұсыныстар келіп түскен екен. Бірақ, Джеррард "Реалдың" бетін қайтарғанына қанша өкінсе де, егер "Ливерпульден" кетсем орны толмас өкінішке тап болатынын айтты.  "Реал?" Бір кездері сол клубқа ауыспағаныма кейде өкінетінмін. Бірақ, білесіз бе, мен "Энфилдты" тастап кете алмаймын. Қалайша қиып тастап кетейін? Бұл менің тынысым, өз үйім. Осы жерде ғана бақыттымын. Иә, мен "Реалдың" футболшысы бола алмадым, бірақ ол қасірет емес! Ал, мен "Ливерпульден" кеткенімде онда мындаған адамдар үшін бұл қасірет болушы еді"-деп ойымен бөлісті "қызылдардың" тірі аңызы. Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астана уақыты бойынша 00:45-те Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің 3 тур аясында "Ливерпуль" өз алаңында "Реал Мадридті" қабылдайды. Бұл ойынды КТК арнасынан тікелей эфирде тамашай аласыздар. Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×