Ел футболындағы жаңалықтар

26.01.2014, 00:25
Ел футболындағы жаңалықтар
Генев игрок «Спартака» 25-жасар болгариялық қорғаушы Виктор Генев семейлік «Спартакпен» жылдық келісім-шарт жасасты.  Ол «Спартак»  сапындағы екінші болгариялық футболшы. Бұған дейін Даниель Пеев семейлік команда ойыншысы атанған болатын. Ал өзге болгар футболшылары Янко Сандански, Славчо Шоколаров және Мартин Сечков  «Спартак» қатарында сынақта болған. Өкінішке орай, аталған 3 футболшы сенім үрдісінен шыға алмады.  Софиялық «Левски» футбол мектебінің түлегі 2007 жылы үлкен футболдағы алғашқы қадамын жасады. Жас футболшы «Монтана» командасына жалға берілді. «Левски» және «Славия» командаларында ойнаған. Аздаған уақыт самаралық «Крылья Советов» пен украиналық «Александрия» клубтарында тер төкті. 2012 жылы «Славияға» қайта оралып келді. Генеев Болгария ұлттық құрамасында 8 ойын өткізіп, 1 голдың авторы атанған. *********************************************************************************************************************** Эргашев перешёл в «Габалу» 25-жасар тәжікстандық қорғаушы Давронжон Эргашев әзірбайжандық «Габала» командасына ауысты.  Келісім-шарт мерзімі маусым аяқталғанға дейін. Егер клуб басшылығы футболшының ойынына көңілі толса, келісім-шарт мерзімін одан әрі созбақшы. Эргашев өткен маусымда талдықорғандық «Жетісу» сапында өнер көрсеткен. 28 ойында 1 мәрте гол соғып, 1 рет нәтижелі пас авторы атанған. Сонымен қатар, 9 сары қағаз алып үлгерген. *********************************************************************************************************************** Өткен маусымда өскемендік «Восток» командасында өнер көрсеткен Эбрима Сохна семейлік «Спартак» командасында  сынақта болды.  Бізге белгілі болғандай, 25 жасар  Гамбия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы «Спартак» командасында ойнамайтын болды. Өткен маусымда  «Восток» жейдесінде  25 рет жасыл алаңға шығып, 1 нәтижелі пастың авторы атанған және 6 сары қағаз алған. *********************************************************************************************************************** Даутов стал игроком «Кайсара» 23 жасар қорғаушы  Дамир Даутов қызылордалық «Кайсар» ойыншысы атанды.  Қазақстан чемпионатындағы алғашқы ойынын 2009 жылы 6 сәуір күні Астана сапында өткізген. «Локомотив» — «Атырау» арасндағы ойын (2:1) есебімен аяқталған. Елордалық клуб сапында 45 ойында 2 гол соққан. 2012 жылы талдықорғандық «Жетісу» сапында 37 ойын өткізіп, 1 гол соққан. Жастар ұлттық құрамасында  (U-21) 8 мәрте жасыл алаңға шығып, 1 гол соққан. *********************************************************************************************************************** Бовтуненко и Юдин интересны «Шахтёру» Қарағандылық «Шахтёр» 19-жасар украиналық қорғаушы Павл Бовтуненко және 21-жасар украиналық қақпашы Роман Юдинге қызығушылық білдіруде.  Қос футболшы да болашағынан мол үміт күттіретін талантты ойыншылар. Бірақ негізгі құрамда ойнау әлі ерте. Кеншілер қос ойыншымен келісім-шарт жасасудың жолдарын қарастыруда. Алайда уақытша жалға беруді ойластырып отырған көрінеді. *********************************************************************************************************************** Молдакараев продлил контракт с «Кайсаром» Қазақстан Бірінші Лигасының өткен маусымдағы үздік сұрмергені Жасұлан Молдақараев қызылордалық «Кайсар» командасымен келісім-шарт жасасты. Премьер-лигадағы алғашқы ойынын  «Кайсар» сапында өткізген Молдақараев  2007 жылы 31 наурызда «Ақтөбе» (0:0) командасымен болған ойында жасыл алаңға шықты. 82 минутта  Айдоса Байтеновті алмастырды. Ең алғашқы голын  2008 жылы 28 маусымда «Восток» қақпашысы Романа Нестеренкоға салды.  Премьер-лигада «Кайсар»  сапында 99 ойында 8 голды өз еншісіне жазған. Бірінші Лигада 60 ойын өткізіп, 42 голдың авторы атанған. ********************************************************************************************************************** «Спартак» подписал болгарина Пеева Семейлік «Спартак» сапына қысқы трансфер уақытында алғашқылардың бірі болып ауысқан 29-жасар болгариялық жартылай қорғаушы Даниель Пеев келер маусымда Қазақстан біріншілігінде өнер көрсетпек.  Келісім-шарт мерзімі - 1 жыл. Амкар клубында ойнап жүрген Гиорги Пеевтің інісі Даниель софиялық «Локомотивтің» түлегі. Осыған дейін «Левски», «Родопу», «Пирин» және софиялық «Славия» командаларында бағын сынаған. Бір қызығы, Даниель үшін семейлік «Спартак» спорттық карьерасындағы ең алғашқы шетелдік клуб. ***********************************************************************************************************************   Абылайхан ЖҰМАШ  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×