Испан Примьерасы. Күтілген нәтижелер

27.01.2014, 17:18
Испан Примьерасы. Күтілген нәтижелер
Көшбасшы үштіктен бірінші болып Реал Мадрид өз кездесуін өткізді. Сенбі күні өз алаңында Гранаданы қабылдады. Корольдік клуб үшін бұл ұжым оңай шағылар жаңғақ емес.  Өткен маусымда қонақта болған ойында, ол кезде Жозе жаттықтыратын жігіттер жеңілген болатын. Ойындағы жалғыз голдың авторы-Роналду. Өз қақпама да гол салып көрейін дегендей, португалиялық жұлдыз сол ойында автоголдың  иесі атанған. Ал осы маусымдағы бірінші айналымда "Реал", Бензема голының арқасында әупірімдеп жүріп минимальды жеңіске жеткен. Қалай болғанда да, өз алаңында мадридтіктер  ұпай жоғалтуға тиісті емес еді. Анчелотти командасы, ойсырата жеңбесе де, екінші таймда екі гол тоғытып жеңіс тойын тойлады. Гол авторлары-Роналду мен Бензема. "Реал Мадрид" бір күнге болса да көш басында. Бірақ, кім біледі? "Атлетико" мен "Барса" сүрініп қалуы да мүмкін.  

25 қаңтар. Мадрид. Стадион "Сантьяго Бернабеу". Төреші - Жиль Мансано (Дон-Бенито).

РЕАЛ МАДРИД - ГРАНАДА - 2:0 (0:0)
 Криштиану Роналду, 56 (1:0). Бензема, 74 (2:0).
Реал Мадрид Гранада
 Диего Лопес  Роберто
 Марсело  Брайан Ангуло
 Серхио Рамос  Джейсон Мурильо, 81
 Пепе  Диего Майнц
 Даниэль Карвахаль  Аллан-Ромео Ньом
 Лука Модрич  Хосе Ресио, 71
 Хаби Алонсо  Мохаммед Фатау
 Анхель Ди Мария, 83  Мануэль Итурра
 Гарет Бэйл, 46  Ясин Браими
 Криштиану Роналду  Юссеф Эль-Араби
 Карим Бензема, 78  Пити, 81
Ойын барысында алңға шыққандар
 Хесе Родригес, 46  Мишель Перейра, 71
 Иско, 78  Диего Буонанотте, 81
 Асиер Илльярраменди, 83  Александре Коэфф, 81

Ескертулер

 Серхио Рамос, 17  Джейсон Мурильо, 9
 Карим Бензема, 54  Мануэль Итурра, 62
 Лука Модрич, 60  
 Анхель Ди Мария, 65  
Дерби. "Райо Вальекано-Атлетико Мадрид". Аутсайдер "Районың "жағдайы соңғы кезде қиын болса да, кез келген көш басшыға өз алаңында оңай берілмейтіні бар. Іс жүзінде де солай болды. Тәжірбиелі Симоне шәкірттері, Вилья голының арқасында тез арада есеп ашты. 3 минуттан соң, алаң иелерінде есе қайтарар жүз пайыздық мүмкіндік болған. Бірақ, Куртуа пенальтиді қайтара білді. Егер, осы кезде есеп теңескенде ойын ары қарай қалай өрбитінің ешкім де білмес. 30-шы минутта Арда есепті еселесе, 10 минуттан соң пенальтиден гол салмаса да, ойыннаң гол салған Виера есепті қысқарты. Бірақ, бұл кезде де "Атлетико" жанып келе жатқан отқа су құя білді. Таймның аяқ жағында, Арда дубль жасап, тағы да есепті еселеді. Екінші таймда алаңда тең ойын өрбіді. Тағы да тәжірбие өз дегенің істеді. Коста гол тоғытып есепті, команда пайдасына 4-1 ге жеткізді. Дегенмен, Ларривей өз еншісіне гол жазып, есепті қысқартты. Ойынның аяқ жағына дейін есеп өзгере қоймады, алаң иелері қанша тырысқанмен.  Жеңіске жеткен "Атлетико", көш басына шығып, "Барселонаның" ойының күтуде.  

26 қаңтар. Мадрид. Стадион "Кампо-де-Вальекас". Төреші - Альберто Ундиано Мальенко (Памплона).

РАЙО ВАЛЬЕКАНО - АТЛЕТИКО - 2:4 (1:3)
 Вилья, 8 (0:1). Арда Туран, 30 (0:2). Виера, 40 (1:2). Арда Туран, 44 (1:3). Диего Коста, 75 (1:4). Ларривей, 76 (2:4).
 Виера, 11 (қақпашы).
Райо Вальекано Атлетико
 Рубен  Тибо Куртуа
 Начо  Фелипе
 Сауль  Диего Годин
 Анаиц Арбилья  Жоао Миранда
 Роберто Тито  Хавьер Манкильо
 Роберто Трашоррас  Арда Туран
 Рауль Баэна, 77  Габи
 Хонатан Виера, 83  Коке
 Альберто Буэно  Хосе Эрнесто Соса, 61
 Лассана Бангура, 57  Диего Коста
 Хоакин Ларривей  Давид Вилья, 80
Ойын барысында алаңға шыққандар
 Рубен Рочина, 57  Оливер Торрес, 61; 65
 Нери Кастильо, 77  Кристиан Родригес, 65
 Яго, 83  Рауль Гарсия, 80
 Рауль Баэна, 27  Хавьер Манкильо, 54
 Сауль, 63  
"Барселона" да сүрінбеді. Жексенбінің соңғы матчында "Малаганы" қабылдаған Тато Мартино шәкірттері, 90 минут бойы ойын тізгінің қолында ұстап жеңіске жетті. Бүгінгі таңдағы "Малаганы" былтырғымен салыстыруға келмейді, әрине. Католондықтарға қарсы ойында, Бернд Шустер шәкірттері осалдықтарың тағы да көрсетті. Бірінші таймда сан жетпес мүмкіндіктері болғанымен, Пике голымен қақпадан бір-ақ саңылау тапты. Бәрі де қақпашы Кабальеро арқасы. Ол да тірі жан, сиқыршы емес. Екінші таймда Педро мен Санчес соққысынан кейін, екі рет допты қақпадан алып шықты. Жеңіске жеткен "блауграна" көшбасшылық орның қайтарып алды.  

26 қаңтар. Барселона. Стадион "Камп Ноу". Төреші - Карлос Клос Гомес (Сарагоса).

БАРСЕЛОНА - МАЛАГА - 3:0 (1:0)
 Пике, 40 (1:0). Педро, 55 (2:0). Санчес, 61 (3:0).
Барселона Малага
 Виктор Вальдес  Вильфредо Кабальеро
 Хорди Альба  Виторину Антунеш
 Хавьер Маскерано  Флавиу
 Херард Пике  Серхио Санчес
 Даниэл Алвес  Маркос Анхелери
 Сеск Фабрегас  Пабло Перес, 66
 Серхио Бускетс  Игнасио Камачо
 Хави, 78  Фернандо Тиссоне, 81
 Педро, 61  Дуда
 Лионель Месси  Роке Санта Крус, 25
 Алексис Санчес, 87  Хуанми
Ойын барысында алаңға шыққандар
 Кристиан Тельо, 61  Бартоломей Павловски, 25
 Серхи Роберто, 78  Педро Моралес, 66
 Ибрагим Афеллай, 87  Серхи Дардер, 81

Ескертулер

 Херард Пике, 30  Пабло Перес, 16
   Дуда, 31
   Флавиу, 71
Испан Примьерасының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар:                            Сельта-Бетис-4:2 Голдар: Рубен Кастро, 17(0:1). Орельяна, 22(1:1). Шарлес, 31(2:1). Орельяна, 39(3:1). Нолито, 73(4:1). Рубен Кастро, 79(4:2).    Вальдолид-Вильреал-1:0 Гол:  Хесус Руэдо,40(1:0)  Валенсия-Эспаньол-2:2 Голдар: Кордоба, 3(0:1). Пако Алькасер,7(1:1). Жонас, 32(2:1). Серхио Гарсия, 45(2:2, пенальтиден) Севилья-Леванте_2:3 Голдар: Коке, 25(1:0). Барраль, 30(1:1, пенальтиден). Ракитич, 68(2:1). Винтра, 71(2:2). Симау Жуниор, 75(2:3)     Осасуна-Атлетик-1:5 Голдар: Сусаета, 3(0:1). Арментерос, 10(1:1). Адурис, 16(1:2). Адурис, 62(1:3). Ибай Гомес, 84(1:4). Кике Сола, 88(1:5).

Турнир кестесі

 

М  Команда о жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  БАРСЕЛОНА 21 17 3 1 57-13 54
2  АТЛЕТИКО 21 17 3 1 52-14 54
3  РЕАЛ МАДРИД 21 17 2 2 60-21 53
4  АТЛЕТИК 21 13 3 5 41-27 42
5  ВИЛЬЯРРЕАЛ 21 11 4 6 39-22 37
6  РЕАЛ СОСЬЕДАД 20 9 6 5 38-30 33
7  СЕВИЛЬЯ 21 8 7 6 39-34 31
8  ЛЕВАНТЕ 21 7 6 8 22-30 27
9  ЭСПАНЬОЛ 21 7 5 9 25-27 26
10  ВАЛЕНСИЯ 21 7 4 10 28-33 25
11  ХЕТАФЕ 21 7 3 11 22-34 24
12  ГРАНАДА 21 7 3 11 19-27 24
13  СЕЛЬТА 21 6 4 11 27-34 22
14  ОСАСУНА 21 6 4 11 18-34 22
15  АЛЬМЕРИЯ 21 6 4 11 22-40 22
16  МАЛАГА 21 5 6 10 19-27 21
17  ЭЛЬЧЕ 20 5 6 9 19-28 21
18  ВАЛЬЯДОЛИД 21 4 7 10 24-37 19
19  РАЙО ВАЛЬЕКАНО 21 5 1 15 21-51 16
20  БЕТИС 21 2 5 14 18-47 11
  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×