Неміс Бундеслигасына шолу

27.01.2014, 17:52
Неміс Бундеслигасына шолу
Еуропадағы үздік саналатын 4 чемпионаттың ішіндегі, айналым арасындағы ең ұзақ үзіліс Бундеслигада. Бұның себебі, қалған чемпионаттарда 38 тур ойналса, бұнда 34 тур ойналатыны болса керек.  Екінші айналымның бірінші ойыны, Менхенгладбах қаласында,  жергілікті “Боруссия” мен “Бавария” арасында болды. Орталық матч деуге толық негіз бар. “Боруссия М” 4-ші орында болса, “Бавария” көз үйренгендей көш басында. Өз алаңында Люсьен Фавр шәкірттері, соңғы 9 ойынның 8-інде жеңіске жеткен. Ал, Гвардиола шәкірттерінің статистикасын айтпаса да түсінікті. Баварияға жарақатынан айыққан Роббен оралса, Алтын допқа қолы жетпеген Рибери матчқа қатысатын ойыншылар тізімінен тыс қалыпты. Роббен ойынның аяқ жағында ғана алағ,а шықты. Орталық матчқа тән тартысты ойын бола қойған жоқ. “Бавария”, алаңда Рибери, Роббендердің жоқтығын елемеген де секілді. Әр таймның басында бір-бір голдан тоғытып, жеңіске жетті. Бірінші таймда Гетце есеп ашса, екінші таймда Мюллер пенальтиден есепті еселеді. Гвардиолада, “командалық механизм” таңдай қақтырарлыьтай жұмыс істейтіні соншалықты, ойын команданың лидеріне немесе басқа да факторларға бағынышты емес. Иә, Арсен Венгер супер-тактика ойлап таппаса, “неміс машинасы” оны таптап кететін секілді ме, қалай өзі.....  

24 қаңтар. Мёнхенгладбах. Стадион "Боруссия Парк". Төреші - Петер Гагельманн (Бремен).

БОРУССИЯ М - БАВАРИЯ - 0:2 (0:1)
 Гётце, 7 (0:1). Мюллер, 53-пенальтиден (0:2).
Боруссия М Бавария
 Марк-Андре тер Штеген  Мануэль Нойер
 Оскар Вендт  Давид Алаба
 Мартин Штранцль  Бонфим Данте
 Альваро Домингес  Джером Боатенг
 Юлиан Корб  Марсио Рафинья
 Хуан Аранго  Филипп Лам
 Гранит Джака  Марио Гётце, 81
 Кристоф Крамер  Тони Кроос, 87
 Патрик Херманн, 75  Тиаго Алькантара
 Макс Крузе  Джердан Шакири, 79
 Раффаэл  Томас Мюллер
Ойын барысында алаңға шыққандар
 Бранимир Хргота, 75  Арьен Роббен, 79
   Клаудио Писарро, 81
   Пьер-Эмиль Хойбьерг, 87

Ескертулер

 Оскар Вендт, 36  Тони Кроос, 79
 Кристоф Крамер, 81
Бірінші айналымның соңғы 3 ойында ұпай жоғалтқан дортмундықтар, Жаңа жылды жеңіспен бастауға тиісті еді. 3 ұпайды,  Аусбург сияқты командамен өз алаңында еншілемесе, енді қашан қол жеткізеді. Қысқы үзілістен кейін жанкүйерлері де жеңіс күтетіні анық. Ойын Боуссия үшін бір жағынан сәтті, бір жағынан өте сәтсіз басталды. 6-шы минутта Бендер есеп ашса, сол минутта Блащиковски ауыр жарақат алды. Кейін белгілі болғандай поляк бұл маусымда жасыл алаңға шықпауы мүмкін. Жарақат атты сәтсіздік, Дортмундты шыр айналып жүрген сияқты. Команданың негізгі орталық қорғаушылары Субботич пен Хуммельске, жартылай қорғаныстың негізгі ойыншысы Илкай Гюндаганға, міне, енді Блащиковски де қосылды. Бұл Клопптың кезекті бас ауыртар мәселесі. Ойынға оралар болсақ, өткізген голдан кейін қонақтар ойын тізгінін қолға алғанымен, шабуылда жарытып ештене өндіре алмады. Керісінше, Боруссия қарымта шабуылда, бірінші таймның аяғына дейін есепті еселейтін кем дегенде 3 мүмкіндігі болды. Бірақ, үзіліске дейін таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Екінші таймның басында Бендер, дубльді өз еншісіне жазды. Бұл жолы қақпа шатастырып алған болуы керек, өз қақпасына гол соғып алды. Есепте тағы алға шығу үшін, дортмундықтарға 8-ақ минут қажет болды. Гол авторы-айып добынан гол салған Марко Ройс. Дегенмен де, қонақтар Чжи Донг Вон голының арқасында есепті екінші рет теңестіріп кетті. 2 ұпайды жоғалтқан Клопп шәкірттері жағдайларын одан әрі қиындата түсуде  

25 қаңтар. Дортмунд. Стадион "Сигнал Идуна Парк". Төреші - Тобиас Велц (Висбаден).

БОРУССИЯ Д - АУГСБУРГ - 2:2 (1:0)
 Бендер, 5 (1:0). Бендер, 56-өз қақпасына (1:1). Шахин, 66 (2:1). Джи Донг Вон, 72 (2:2).
Боруссия Д Аугсбург
 Роман Вайденфеллер  Марвин Хитц
 Марсель Шмельцер  Маттиас Острзолек
 Сократис Папастатопулос  Рагнар Клаван
 Свен Бендер  Ян-Ингвер Калльсен-Браккер
 Кевин Гросскройтц  Паул Верхаг
 Себастьян Кель  Даниэль Байер
 Нури Шахин  Тобиас Вернер
 Марко Ройс  Халил Алтынтоп, 35
 Генрих Мхитарян, 84  Кевин Фогт
 Якуб Блащиковски, 6  Андре Хан
 Роберт Левандовски  Рауль Бобадилья, 70
Ойын барысында алаңға шыққандар
 Пьер-Эмерик Обамеянг, 6  Аркадиуш Милик, 35; 88
 Юлиан Шибер, 84  Джи Донг Вон, 70
   Хонг Юнг Хо, 88

Ескертулер

 Свен Бендер, 10  Андре Хан, 17
 Сократис Папастатопулос, 45  Тобиас Вернер, 45+1
Гедьзенкирхендік Шальке, Чемпиондар Лигасына жолдама берер орындарға және жүлделі орындарға таласуын жалғастыруда. Йенс Келлер шәкірттері, 18-ші турда жауапсыз 3гол тоғытып, Вердерді жермен-жексен етті. Бірінші таймда толықтай басымдылыққа ие болғанымен, бір-ақ рет қақпадан саңылау тапты. Фарфанның айып алаңға асырған пасынан кейін, екі қорғаушымен қоса қақпашыдан да айласын асырып, есеп ашты. Екінші таймда, матч тағдырын шешкен 3 минут болғантұғын. Яғни, 56 мен 59-шы минуттар аралығы. Бұл кезде де Фарфан көзге түсті. Әуелі, қорғаушылардың қателігін пайдаланып есепті еселесе, кейін Майерге голға айналар пас берді. Өз еншісіне гол мен екі голға айналар пас жазған перулік, матчтың үздік ойыншысы атанды.

26 қаңтар. Гамбург. Стадион "Имтех Арена". Төреші - Петер Зиппель (Мюнхен).

ГАМБУРГ - ШАЛЬКЕ 04 - 0:3 (0:1)
 Хунтелар, 34 (0:1). Фарфан, 53 (0:2). Мейер, 56 (0:3).
Гамбург Шальке 04
 Ярослав Дробны  Ральф Фарманн
 Марсель Янсен  Сеад Колашинац
 Хайко Вестерманн  Жоэль Матип
 Джонатан Та  Фелипе Сантана
 Жи Гин Лам, 31  Ацуто Утида, 81
 Толгай Арслан  Роман Нойштэдтер
 Милан Бадель  Кевин-Принс Боатенг
 Хакан Калханоглу  Кристиан Фухс, 76
 Рафаэль ван дер Ваарт  Макс Мейер
 Иво Иличевич, 65  Джефферсон Фарфан
 Пьер-Мишель Ласогга, 24  Клаас-Ян Хунтелар, 73
Ойын ьарысында алаңға шыққандар
 Ола Джон, 24  Адам Салаи, 73
 Деннис Дикмайер, 31  Леон Горецка, 76
 Жак Зуа, 65  Тим Хоогланд, 81

Ескертулер

   Ацуто Утида, 37
   Клаас-Ян Хунтелар, 38
Бундеслиганың қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Штутгарт-Майнц-1:2 Голдар:  Абделлауе, 11(1:0). Окадзаки, 39(1:1). Саллер, 87(1:1) Фрайбург-Байер-3:2 Голдар: Бендер,4(0:1). Мехмеди, 27(1:1). Рольфес 35(1:2). Шмид, 53(2:2). Клаус 90(3:2) Вольфсбург-Ганновер-1:3 Голдар: Руднев, 28(0:1). Олич, 35(1:1). Биттенкурт, 50(1:2). Биттенкурт, 72(1:3) Нюрнберг-Хоффенхайм-4:0 Голдар: Чандлер, 24(1:0). Дрмич, 41(2:0). Гинчек, 48(3:0). Дрмич, 70(4:0). Айнтрахт-Герта-1:0 Гол: Майер, 36(1:0) Вердер-Айнтрахт Б-0:0

 

Турнир кестесі.

 

М  Команда Ойын Жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  БАВАРИЯ 17 15 2 0 44-8 47
2  БАЙЕР 18 12 1 5 34-19 37
3  БОРУССИЯ Д 18 10 3 5 40-22 33
4  БОРУССИЯ М 18 10 3 5 35-21 33
5  ШАЛЬКЕ 04 18 9 4 5 35-28 31
6  ВОЛЬФСБУРГ 18 9 3 6 29-22 30
7  ГЕРТА 18 8 4 6 27-21 28
8  МАЙНЦ 18 8 3 7 27-32 27
9  АУГСБУРГ 18 7 4 7 23-27 25
10  ГАННОВЕР 18 6 3 9 26-32 21
11  ВЕРДЕР 18 5 5 8 22-37 20
12  ШТУТГАРТ 17 5 4 8 30-33 19
13  ХОФФЕНХАЙМ 18 4 6 8 36-42 18
14  АЙНТРАХТ Ф 18 4 6 8 21-29 18
15  ФРАЙБУРГ 18 4 5 9 19-33 17
16  ГАМБУРГ 18 4 4 10 33-41 16
17  НЮРНБЕРГ 18 1 11 6 21-33 14
18  АЙНТРАХТ Б 18 3 3 12 10-32 12
  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×