Италияның А сериясы. Қызыл қағазға ие болған-Буффон

27.01.2014, 19:50
Италияның А сериясы. Қызыл қағазға ие болған-Буффон
Ел чемпионы “Ювентус”, кезекті 3 ұпай еншілеуге астанаға, Римнің “Лациосына” қонаққа барған болатын. Ойын күтілгендей-ақ, қонақтардың басымдылығымен басталды. . Видаль, Тевес, Пирло, Погбалар,  “Лацио” айып алаңында бірнеше қауіпті сәтті ұйымдастырды. “Лациода” ойын басында бір мүмкіндік болған. Қорғаушының пасынан кейін, тәжірбиелі Буффон допты алысқа тебудің орнына, Клозені алдап өтпекші болды. Доп Клозеге тиіп қақпаға қарай бағытталғанымен, “ Ювентустың бағына орай, футбол снаряды қақпадан сәл қисық кетті. Капитан Буффон, дәл бүгін сол аяғымен тұрған секілді. Өзімен бетпе-бет шыққан Клозені тоқтатудың басқа амалын таппағандай, шалып құлатты немісті. Бас қазы пенальти белгілеп, онымен қоса “Ювентустің” 1-ші нөміріне қызыл қағаз сыйлап алаңнан қуды. Буффонның орнына шыққан, Сторариді басқа бұрышқа, допты басқа бұрышқа жіберген Кандрева есеп ашты. Бірақ, бір қызығы бұл жағдай ойын барысына өзгеріс енгізе қойған жоқ. Туриндіктер 1 ойыншы кем ойнасада, допқа иелік етуді тоқтатпады. Екінші таймда, Лихштайнер пасынан кейін, Льоренте баспен гол салып есепті теңестірді. Ойын тең нәтижемен аяқталды. Рим, осы аптада туриндіктерге күле қарамағаны бар. Апта ортасында, осы стадионда Италия кубогінде  “Ромаға” жеңілсе, енді міне, “Лациомен” ойында ұпай жоғалтты.  

25 қаңтар. Рим. Стадион "Олимпико". Төреші - Давиде Масса (Империя).

ЛАЦИО - ЮВЕНТУС - 1:1 (1:0)
 Кандрева, 27-пеналтиден (1:0). Льоренте, 60 (1:1).
Лацио Ювентус
 Этрит Бериша  Джанлуиджи Буффон
 Андре Диас  Анджело Огбонна
 Лорик Цана  Леонардо Бонуччи
 Джузеппе Бьява  Андреа Бардзальи
 Абдулай Конко  Клаудио Маркизио
 Лукас Билья  Квадво Асамоа, 26
 Кристиан Ледесма  Поль Погба
 Луис Каванда, 65  Артуро Видаль
 Антонио Кандрева, 84  Стефан Лихтштайнер
 Эрнанес  Карлос Тевес
 Мирослав Клозе  Фернандо Льоренте
Ойын барысында алаңға шыққандар
 Альваро Гонсалес, 65  Марко Сторари, 26
 Бальде Кейта, 84  

Ескертулер

 Джузеппе Бьява, 58  Леонардо Бонуччи, 79
   Джанлуиджи Буффон, 24
Руди Гарсия шәкірттері, жерлестерінің көрсеткен көмегін пайдалана білуі керек. “Лацио”, жоғарыда айтқанымдай сенбі күні, “Романың” басты қарсыласының бірі, “Ювентуспен” тең ойнап, туриндіктерді 2 ұпайдан айырған болатын. Егер бүгін, Тотти бастаған жігіттер жеңіске жетер болса, 6 ұпай қысқартады, көш басындағы “кәрі синьорадан”. Жексенбілік “Веронамен” болатын ойынның алдында, Руди Гарсия шәкірттерінің көңіл-күйі көтеріңкі болуы тиіс. Өткен турда 3-0 есебімен Ливорноны жермен-жексен етсе, апта ортасында Италия кубогінде “Ювентусті” тізе бүктірген болатын. Ал, қарсыластары “Верона” маусымның сенсациясы. Өткен маусымда ғана “B Сериясында” ойнап жүрген команда, “А Сериясына” тек қана жолдама алып қоймай, қазіргі таңда алтыншы орында кестеде. “Рома” 3 ұпай еншілегенмен, ойын оңай болған жоқ. Бүкіл бірінші тайм бойы, нәтижелі ойын көрсеткен жоқ. Тек, төреші қосқан уақытта Льяйич есеп ашты. Бірақ, екінші таймның басында-ақ алаң иелері есепті теңестіріп кетті. Гол авторы-Холльфредссон. 1:1! Осыдан кейін, “Рома” қарсылас қақпасына шабуылды үдетті. “Қасқырлардың” үздіксіз шабуылдары жемісті болды. Есепте алға шығарды-Жервиньо. Ал, ойын барысында алаңға шыққан, қартаймас Тотти пенальтиден есепті еселеп, матч нүктесін қойды.  

26 қаңтар. Верона. Стадион "Марк Антонио Бентегоди". Төреші - Паоло Маццолени (Бергамо).

ВЕРОНА - РОМА - 1:3 (0:1)
 Ляйич, 45+1 (0:1). Халльфредссон, 49 (1:1). Жервиньо, 60 (1:2). Тотти, 82-пенальтиден (1:3).
Верона Рома
 Рафаэл  Морган Де Санктис
 Фабрицио Каччяторе  Василис Торосидис
 Доменико Майетта, 39  Леандро Кастан
 Алехандро Гонсалес  Мехди Бенатиа
 Ромуло  Майкон
 Массимо Донати, 83  Кевин Стротман
 Эмиль Халльфредссон  Даниэле Де Росси
 Хуан Игнасио Гомес, 68  Раджа Найнгголан, 60
 Хуан Итурбе  Жервиньо
 Рафаэл Маркес  Адем Ляйич, 64
 Лука Тони  Маттия Дестро, 76
Ойын барысында алаңға шыққандар
 Марко Донадель, 39  Миралем Пьянич, 60
 Рафаэл Мартиньо, 68  Алессандро Флоренци, 64
 Самуэле Лонго, 83  Франческо Тотти, 76

Ескертулер

 Ромуло, 10  Раджа Найнгголан, 44
 Эмиль Халльфредссон, 79  Маттия Дестро, 67
 Рафаэл Маркес, 81  
Зеедорф жаттықтырушы орындығына келгелі бері, жеңісті де көрді, жеңілісті де. Голландиялық, әуелі “Веронаны” тізе бүктірсе, Италия кубогінде “Удинезеге” жол берді. Екеуі де өз алаңында болған. Келесі сынақ сырт алаңда ойын өткізу. Сардиния қаласында, “Кальяриге” қарсы. Осы аптада “Милан” сапын, Челсиден келген Эссьен толықтырды. Бірінші айналымда екі команда Миланда кездесіп, ол кезде Аллегри жаттықтыратын команда жеңіске жеткен болатын. Шындығы керек, бұл матчта “Милан” осал ойын көрсетті. Ойынында тұрақтылық жоқ. Әрине, Зеедорф сиқыршы емес. Жаттықтырушылық орындыққа 2 апта бұрын ғана отырған голландиялық, қандай психологиялық қысымға тап болғаның әлі түсінбеген де болар. “Кальяриге” қарсы ойында шәкірттері жаман бастаған жоқ. Бірнеше шабуылдар ұйымдастырғанымен, мүмкіндіктерін бос жіберді. Ары қарай, “Милан” ұтылып жатқан командаға айналды. Жарақатына байланысты алаңға шыға алмаған Аббьятиді алмастырған Амелия қателігінен кейін, Марко Сау есеп ашты. Бірінші таймның қалған бөлігінде, екінші таймның аяғына дейін миландықтар алаңда не істеп жүргендерің өзге түгіл, өздері де түсінбесе керек. Есепті теңестіруге тырыспады емес, тырысты. Шабуыл деп айтуға келмейтін шабуылдарына, мүлде өткірлік жетіспеді. Бірақ, ойын аяғында сәттілік миландықтарға күле қарады. Есепті теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып әкетті. Екеуі де стандарт нәтижесінде салынған голдар. Әуелі, Балотелли айып добынан гол тоғытса, екі минуттан соң Паццини бұрыштама добынан кейін командасы үшін 3 ұпайды еншіледі. Екі ойында 6 ұпайды еншілеген “Милан”, өз жағдайларын түзетіп келеді. Бірақ, команда ойынына Зеедорф өзгеріс енгізбесе, жақын арада ұпай жоғалтуларын жалғастыруы мүмкін.

26 қаңтар. Кальяри. Стадион "Сант-Элия". Төреші - Даниэле Довери (Рим).

КАЛЬЯРИ - МИЛАН - 1:2 (1:0)
 Сау, 28 (1:0). Балотелли, 87 (1:1). Паццини, 89 (1:2).
Кальяри Милан
 Влада Аврамов  Марко Амелиа
 Давиде Астори  Урби Эмануэльсон, 77
 Лука Россеттини  Даниэле Бонера
 Франческо Пизано  Адиль Рами
 Олбин Экдаль, 76  Маттиа Де Шильо
 Даниэле Конти  Риккардо Монтоливо
 Даниэле Дессена  Найджел де Йонг, 69
 Никола Мурру  Робиньо, 60
 Андреа Коссу, 90+1  Кака
 Маурицио Пинилья  Кейсуке Хонда
 Марко Сау, 69  Марио Балотелли
Ойын барысында алаңға шыққандар
 Матиас Кабрера, 69  Джампаоло Паццини, 60
 Себастьян Эрикссон, 76  Салли Мунтари, 69
 Агим Ибраими, 90+1  Иньяцио Абате, 77

Ескертулер

 Даниэле Конти, 60  Марио Балотелли, 87
 Матиас Кабрера, 85  
 Андреа Коссу, 89  
Италия А Сериясының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Наполи-Кьево-1:1 Голдар: Сардо,18(0:1).  Альбиол, 88(1:1) Интер-Катанья-0:0 Торино-Аталанта-1:0 Гол: Черчи,60(1:0, пенальтиден) Сампдория-Болонья-1:1 Голдар; Габбьядини,61(1:0). Диаманти, 90(1:1, пенальтиден) Ливорно-Сассуоло-3:1 Голдар: Греко, 4(1:0). Паулиньо,11(2:0). Бенасси, 26(3:0). Берарди, 28(3:1, пенальтиден) Парма-Удинезе-1:0 Гол: Амаури, 35(1:0)

Турнир кестесі

 

М  Команда ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  ЮВЕНТУС 21 18 2 1 51-15 56
2  РОМА 21 15 5 1 45-11 50
3  НАПОЛИ 21 13 5 3 44-23 44
4  ФИОРЕНТИНА 21 12 5 4 40-23 41
5  ИНТЕР 21 8 9 4 38-24 33
6  ТОРИНО 21 8 8 5 34-27 32
7  ПАРМА 21 8 8 5 32-27 32
8  ВЕРОНА 21 10 2 9 35-34 32
9  МИЛАН 21 7 7 7 34-31 28
10  ЛАЦИО 21 7 7 7 27-29 28
11  ДЖЕНОА 21 7 6 8 23-27 27
12  АТАЛАНТА 21 7 3 11 21-30 24
13  САМПДОРИЯ 21 5 7 9 25-32 22
14  КАЛЬЯРИ 21 4 9 8 20-31 21
15  УДИНЕЗЕ 21 6 2 13 20-32 20
16  КЬЕВО 21 4 6 11 16-27 18
17  БОЛОНЬЯ 21 3 9 9 20-36 18
18  САССУОЛО 21 4 5 12 22-46 17
19  ЛИВОРНО 21 4 4 13 19-37 16
20  КАТАНИЯ 21 3 5 13 13-37 14
  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×