Жозенің тактикасына енбеген-Хуан Мата

27.01.2014, 20:07
Жозенің тактикасына енбеген-Хуан Мата
Жозе Моуринью, кез келген жаттықтырушы қызығарлықтай жетістіктерімен қоса, талантты, талапты ойыншыларға көр қазушы ма деп ойлайсын (тура мағынада емес, әрине).  Мысалы, Рикарду Куарежма есімді, Алтын доптың иесі Роналдудың отандасын білетін боларсыз. Уақытында “Портуда” жасындай жарқылдап, Моуринью  жаттықтыратын “Интерге” келгеннен,  Жозенің сеніміне ие бола алмай, алаңға айына 1 шығып, өзінің шеберлігін жоғалтып алған болатын. Ал, былтыр Касильястың португалиялыққа не жазғаны белгісіз.Қосалқы құрамға оны терең отырғызғаны соншалықты, кейін Анчелотти келген соң да, өзіне лайықсыз қосалқы құрамнан толықтай шыға алмай қойды  “Реал капитаны”. Кезек енді міне, “Челсидің” былтырғы ең маңызды ойыншысы Хуан Матаға келді. Мата өзінің карьерасын Реалда бастаған болатын. Бірақ, корольдік клубтың екінші командасында,  Сегундада өнер көрсетеді. Дәл сол кездері, жарақаттан көз ашпаған Висентені жоқтатпас ойыншыны  іздеген “Валенсия”,  Матаға қызығушылық білдіреді. Сегундада ойнап жүрген Мата “жарғанаттар” ұсынысына қуана-қуана келіседі. Мүмкін, кейін Валенсия финанстық қиындықтарға тап болмағанда, біз Матаны Англияда көрмейтін де ме едік.. Қарыздарын қайтару үшін Валенсия жылдан-жылға жетекші ойыншыларымен қоштасуға тура келеді. Вилья мен Сильва ізінен, Хуан Матада кетеді. “Барселона” мен “Реалдан”  ұсыныстар болғанымен, басты кейіпкеріміз өмір жолын Тұманды Альбионға бұрады. Әрине, Матаның болашағына көбі күмәнмен қараған. Егер Испанияда, ойын көбіне индивидуальдық шеберліктерге байланысты болса, Англияда керісінше бастысы алаңға кез келген допқа қақтығыс, талас-тартыс, кейде өте дөрекі ойын. Онымен қоса, Мата “Валенсияда” көшбасшы ойыншының қатарына жатпайтын. Ондай жетекшілік рөлді Сильва мен Вилья, Хоакин атқаратын.  Бірақ, жартылай қорғаушы басынан бастап “Челси” лидерлерінің біріне айналды. Бірінші маусымда 13 голға айналар пас беріп, бұл көрсеткіш бойынша бұрынғы әріптесі,  “Манчестер Ситиде” ойнайтын Давид Сильваға ғана жол береді. Келесі маусымда, Мата “ақсүйектердің” нағыз жетекші ойыншысына айналды. 12 гол салып,  12 голға айналған пасты өз еншісіне жазды. Еуропа Лигасы мен Англия кубогін жеңіп алуға көмектесті. Хуанның команда үшін маңыздылығын Бенитес, әріптестері, жанкүйерерлер мойындады да, әрі бағалады да. Жанкүйерлер арасында сұрау жүргізгенде, Матаны команданың үздігі деп таныды. Әр маусымның аяғында құрылатын, “маусым командасында” да ойып тұрып орын алды. Испандықтың карьерасы жоғары өрлей бастағандай көрінген. Бірақ, командаға Жозе оралғаннан өсек-аян өрбіді. “Жозе келген соң, Торрес пен Матаға командада орын жоқ”- дегендей. Оған қоса, “португалиялық, испандықтарды аса қатты ұнатпайды”- деген шын-өтірігі аралас әңгіме тағы бар. Шынымен де, Жозе келгелі Мата, бұрынғы “көшбасшы Мата” болудан қалды. Баға жетпес көшбасшы ойыншыдан, қосалқы құрамға жақын ойыншыға айналды.  Мата Жозенің көзіне сүйел болған себебі, жан-жақтылығы мен универсальдылығы шығар. Мата оң қанатта да, ортада да, тіпті шабуылдың кез келген жағында ойнай береді. Қазір Моуринью  құрып жатқан команда, қорғанысқа көп көңіл бөлетін, қарымта шабуылға иек артар, кейде оңай болжамды ойын. Бүгінгі таңдағы-“Челси” осындай. Бұндай ойынға қорғаныста ойнар алар жартылай қорғаушылар керек. Жозенің осындай тактикасында Матаға орын болмағаны анық.  Бұл-жеке пікір. Бірінші айналымда екі-ақ голға айналар пас. Жозе келгелі бері, міне, Матаның нәтижесі. Хуан Матаның “Челсиден” кетуі, шыны керек, дұрыс қадам. Саған сенім артпайтын жерде қалудың керегі шамалы, тіпті керек те емес. Пиреней түбегінің өкілі “қызыл сойқандарды” таңдады. Әрине, “Манчестер Юнайтед”  Матаны құшақ жая қарсы алады, олар үшін қазір ауадай қажет ойыншы. Әлем чемпионаты алдында шеберлігін жоғалтпас үшін, тұрақты ойын практикасы да  керек. “Қызыл сойқандарға” әлемнің үздік плэймейкерлердің бірі келді. Үздік ойын өрнегін жаңа командада көрсете ала ма, жоқ па, оны  уақыт еншісіне қалдыралық. “Челсидің” көшбасшы ойыншысы бола білгенде, неге бұндай рөлді орындауға, “Манчестер Юнайтедте” талпынып көрмеске.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×