Ел футболындағы жаңалықтар тізбегі

28.01.2014, 02:17
Ел футболындағы жаңалықтар тізбегі
«Корона» клубы Польшаның бірінші лигасында ойнайтын «Санденьця» командасын 5-1 ұтты. Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Сергей Хижниченко жаңа командасында жарқын ойынымен көзге түсіп, ойынның 9- шы және 27-ші минуттарында қарсылас қақпасына қос гол соқты.  «Корона» - «Сандельцья» арасындағы жолдастық кездесуде дубль авторы атанған Сергей өз командасының жеңіске жетуіне үлесін қосты.  http://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=guLFVpB6e4E *********************************************************************************************************************** Қазақстанның 21 жасар жастары қатысып жатырған "Достастық Кубогына" белгиялық "Стандард" клубында өнер көрсеткен, жақында ғана Елордалық "Астана" сапына ауысқан Георгий Жуков та шақырылып, екі ойынға да қатысты.  *********************************************************************************************************************** Джелмич — очередной новичок «Спартака» 25 - жасар босниялық жартылай қорғаушы Огнен Джелмич семейлік «Спартак» клубының футболшысы атанды.  Сербиялық «Рад» командасында футболдағы мансабын бастаған ойыншы босниялық «Лакташи», «Дрина», «Звезда Градачац», «Олимпия» (Сараево) командаларында өнер көрсеткен.Джелмичтің соңғы ойнаған командасы босниялық «Борац» клубы. Команда сапында оң қапталда ойнаған жартылай қорғаушы 18 ойында 7 рет мергендігімен көзге түскен. *********************************************************************************************************************** Алишер Сулей: «В „Днепре“ приняли хорошо» Тараз футбол мектебінің түлегі, Қазақстанның жастар құрамасының ойыншысы 18 жасар Әлішер Сүлей Украина Премьер-Лигасында өнер көрсететін «Днепр» клубында сынақта жүр.  Өткен маусымда қостанайлық  «Тобыл» командасында ойнаған Әлішер, Қазақстан Премьер-Лигасында алаңға шыққан ең жас футболшы атанған болатын.  ***********************************************************************************************************************  Қарағандылық «Шахтердің» шабуылшысы Игорь Зенькович ресми түрде «Ақтөбе» клубының футболшысы атанды. 26 жасар белорусиялық футболшы жаңа командасымен 2 жылдық келісім-шарт жасасты. *********************************************************************************************************************** Қазақстанның 21 жасар жастар құрамасы Достастық Кубогындағы екінші ойындарын Москваның 21 жасар жастарына қарсы өткізді. Қорытынды есеп 2-0. Гол авторлары Тоқтар Жанғылышбай мен Роман Мұртазаев. Қос футболшы да қарағандылық "Шахтер" командасының ойыншылары. http://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=3i5AAURrHpY *********************************************************************************************************************** «Актобе» выставил на трансфер Лисенкова и Шалекенова Ақтөбе командасының қос ойыншысы шабуылшы Сергей Лисенков пен қорғаушы Санат Шалекенов трансферге қойылды (жалға берілмек). ҚПЛ - да Лисенков 12 ойын өткізсе, Шалекенов 4 мәрте жасыл алаңға шығыпты. *********************************************************************************************************************** «Спартак» просматривает Ковачевича Семейлік «Спартакта» сербиялық шабуылшы  Саво Ковачевич сынақта жүр. (1988, 185 см) Өз елінде  «Пролетер» (Нови-Сад) және «Слобода» (Ужице) клубтарында, 2013 жылы швейцариялық «Сент-Галленда» ойнаған.
  Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×