28-жасар черногориялық жартылай қорғаушы Милан Пурович семейлік «Спартактың» жаңа ойыншысы.
Ол «Спартак» сапындағы 4-ші легионер болды. Бұған дейін командаға болгар Пеев және Генев, сондай - ақ босниялық Джелмич келіп қосылған болатын.
Футболшы карьерасында Еуропалық бірнеше клубтарда тер төккен. Атап айтар болсақ: черногориялық «Будучность», сербиялық «Црвена Звезда», ОФК және «Бежания», португалиялық «Спортинг» және «Белененсеш», түркиялық «Кайсериспор», венгриялық «Видеотон», словениялық «Олимпия», бельгиялық «Серкль» және украиналық «Металлург» клубтарында өнер көрсеткен. Черногория ұлттық құрамасының жейдесін 7 мәрте киген екен.
Абылайхан ЖҰМАШ