Футбол әлеміндегі жаңалықтар

29.01.2014, 23:08
Футбол әлеміндегі жаңалықтар
Anelka Premier League 2013 2014 Boxing Day «Мен бұл жерде бақыттымын және ешқандай жаман нәрсе істегем жоқ» ,- деп жазды твиттер парақшасында 35 жасар Николя Анелька. Бір сөзбен айтқанда Анелька өз әрекетіне риза.  Көпшілік жанкүйерлер арасында Анелька «Вест Бромвич» клубынан кетеді деген қаңқу әңгімелер тарады.  Әсіресе Италияның «Лацио» клубына ауысады деген сөз футболсүйер жанкүйерлерді елең еткізді. Дегенмен Анелька бұл сұрақ төңірегіндегі шулы әңгімеге өз жауабын берді: " Жазда көрерміз. Егер карьерамды жалғастырар болсам, онда ойланатын боламын. Бірақ, мен Англиядан не үшін кетемін және өз клубымды басқаға алмастыратын ойым жоқ , - деп нық сеніммен айтты. *********************************************************************************************************************** Кеше Мата «Манчестер Юнайтед» сапындағы алғашқы ойынын өткізді. «Кардиффке» қарсы өткен ойында Мата командасы өз алаңдарында 2-0 есебімен жеңіске жетті. Бір нәтижелі пастың авторы атанған Мата жасыл алаңда жақсы ойынымен жанкүйерлерінің ықыласына бөленді. Матаның жаңа командасына ауысқандағы басылым беттеріне берген алғашқы сұхбаты : «Юнайтедке» ауысу - мен үшін өмірімдегі ең үлкен жаңалық. Бақыттымын «МЮ» секілді танымал клубтың жейдесін кигеніме. 8 - бұл керемет нөмірлердің бірі. Бұл командада «7» ең үздік нөмір, алайда, мен  «8» нөмірді таңдадым. Бұл сан маған сәттілік әкеледі деп ойлаймын» - деді испаниялық футболшы. *********************************************************************************************************************** Переходный период Ренан Брессан («БАТЭ»), Данило Неко («Алания») және Маркос Пиззелли («Краснодар») секілді жоғарғы дәрежедегі тәжірибелі футболшылармен толыққан «Ақтөбе» Ел біріншілігі мен Чемпиондар Лигасына дайындықтарын осы бастан пысықтауда. Ал Қазақстанның болашақ жұлдызына баланған Сергей Хижниченкодан айырылған «Шахтер» үздік шабуылшысының орнына жаңа босниялық сұрмергенді өз қатарларына қосып үлгерген болатын. *********************************************************************************************************************** "Дортмундтық Боруссия" клубынан жақын арада Льюис Холтбиді көріп қалуымыз мүмкін. Юрген Клопп мырза да қысқы трансфер кезінде командаға жаңа футболшы келетінін айтқан. *********************************************************************************************************************** Juventus' Mirko Vucinic celebrates after scoring a penalty against AS Roma during their Italian Serie A soccer match at the Juventus stadium in Turin January 5, 2014 (Reuters) Sky Italia басылымының мәлімдеуінше  Вучинич «Ювентустан» кетуді ойластырып жүрген көрінеді. Черногориялық командаластарынан бөлек жаттығуда және бас бапкер Контеден басқа клуб іздестіруге рұқсат алыпты-мыс. *********************************************************************************************************************** Бүгінгі таңда украиналық Евгений Коноплянкаға қызығушылық білдірген клубтар жетерлік. Солардың бірі  ағылшындық «Ливерпуль». 24-жасар футболшыға «қызылдар» 15 миллион фунт стерлинг беруге дайын екенднрін жасырмады. *********************************************************************************************************************** Corchia lille «Сошо» командасының қорғаушысы Себастьян Коршья клуб ауыстырды. «Лилльмен» 4,5 жыл келісімге отырған Коршьяны клуб басшылығы 3 млн евроға сатып алған көрінеді. *********************************************************************************************************************** Goal.com порталының хабарлауынша Костас Митроглу жақын арада «Олимпиакостан» кеткелі жатырған көрінеді. Ағылшындық «Фулхэмның» басты назарына іліккен шабуылшы Англияда карьерасын жалғастыруға қарсы емес екен. *********************************************************************************************************************** Osvaldo Southampton "The Sun" басылымы туриндік «Ювентус» Пабло Освальдоны сатып алуға дайын екенін мәлімдеді. Освальдо үшін басшылық 8 млн ұсынбақшы. ***********************************************************************************************************************   Абылайхан ЖҰМАШ  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×