"Ең үздік 15 пікір" таңдап алынды

22.01.2014, 03:14
"Ең үздік 15 пікір" таңдап алынды
Құрметті Aladop.kz сайтының тұрақты оқырмандары. Бүгін қаңтар айының 21 -і ең үздік 15 пікір таңдап алынды. Енді осы таңдалған пікірлер Аладоп әлемі парақшасында дауысқа салынады. Аталған пікірлерді оқып, өз дауыстарыңызды берулеріңізді сұраймыз.   Сонымен: 1. Думан    (14-қаңтар, 2014, 11:38) Базар жоқ Месси шабулшылардың арасында бар! Ал ол өткен жылы травма алмай бүкіл сезонды өткізгенде меніңше жеңіп кетуге болатын еді. Жай ойынымен 2013 тің үздік құрамасының сапында жүр.Ал мықты ойнаған Левандовски ол құрамда жоқ.Енді ойланып қарасаңдар Месси бүкіл сезонда ойнағанда неге алтын допты ала алмайды? Жаңа автор жазған екен ұлттық құраманы желкесінен сүйреп Әлем чемпионатына алып шықты деп. Ол айтканы рас бірақ неге ол топтық кезеңге тікелей мундиалға жолдамаға ие бола алмады? Группасында ең мықты деген Ресей кұрамасын жеңе алмады. Авторға сұрақ 2013 те ол Реалмен қандай жетістікке жетті? Бірақ өткен іске өкінбе деген. Мен озім Мессиге жанкүйермін. Месси өткен жылда жарты жыл ойнамады. Мен Алтын допқа Мессиді таласады деп ойламаймын.Барселонаға жеңіс тілеймін! Реалға саттілік! 2. Фараби Абдіхалық      (14-Қаңтар, 2014, 9:43) Уа, халайық! Алтын доп командаға емес, жеке ойыншыға беріледі. Ол жерде бірінші орында ойыншының жеке басының индивидуалдық шеберлігі тұрады, командамен жеңген кубогтар саны емес. Ал енді шеберлікке келер болсақ, өткен жылы Месси шеберлігін көрсете алмады, жарақаты кедергі болды. Ал Риберидің шеберлігі, достар мойындаңдаршы, Месси мен Роналдудың шеберлігіне жетпейді. Босқа таластың керегі қанша? 3. Аманов Нұрдаулет      (6-Қаңтар, 2014, 9:40) Қазақстан клубтары Еуропадан емес Азиядан трансфер жасап көрсе болар еді. Жапония, Аустралия, Корея, Өзбекстан елдеріндегі талантты ойыншыларды тапса болады ғой. Қазірше елімізде көршілес өзбек жігіттерінің абыройы бар. Ақтөбеде: Кападзе, Гейнрих, Бикмаев, Тобылда: Бақаев, Мирзоевтар жақсы ойнап жүр. Қазірде өзбек азаматы О.Ахмедов Махачкаланың "Анжиында" өнер көрсетіп жүр. Қазақстан клубтары шетелден ойыншы алар алдында Азияны да бір қарап өтсе болар еді. Жасы 20-25 тегі ойыншылардан. 4. Кори боген                   (13-Қаңтар, 2014, 5:57) Айтпа дамып жатыр премер лигамыздың командалары. Шахтер ЕЛ-ге қатысқанда біз неге қатыспаймыз деп талпынып мықты ойыншыларды алып жатыр. Аладоп басшылығына Қайрат командасы ойыншылар сатып алуға қанша ақша жұмсады екен? Сол жайында макала жазсаңыздар екен жане басқа да қазақстандық клубтар жайлы. 5. Fc BaYeRn NuRs        (8-Қаңтар, 2014, 7:57) Реал мен Барса әлемдегі ең мықиы клуб дейсіңдер ма? Мықты болса ана жылы Чемпиондар Лигасында мықтылығын көрсетпеді ма? Көресіңдер осы жылы Чемпиондар Лигасын Бавария жеңіп алады. 6. Барселона    (13-Қаңтар, 2014, 4:10) Месси ол өте талантты футболшы.Ол алаңға қайта оралып келген бетте Хетафеге 2 гол соқты.Мен Барсаның фанатымын деп Мессидi мақтап жатқан жоқпын,мықтының аты мықты ғой. Месси әлемдегi теңдессiз футболшы. Ал Алтын допқа Рибери лайыкты деп ойлаймын. 7. Саламат Тараз         (7-Қаңтар, 2014, 3:09) Иә, Роналду өз сөзінде тұра алатындығын, елге деген құрметін, «аңыз адамға» деген құрметін, кез келген ойында гол сала алатындығын, бір сөзбен айтқанда ер мінезді екендігін тағы бір рет көрсетті. 8. Liverpool          (9-Қаңтар, 2014, 3:54) Хонданың жолы болды. Енді өзіне байланысты. Базельдің шабуылшысы Салахтың ойынын мен де көргем. Жақсы ойнайды шынымен. Оған басқа клубтар құда түсіп жатыр. Бірақ Aнглияға жол тартқаны жөн. 9. Неймар     (9-Қаңтар, 2014, 4:36) Жақсы жаңалықтар. Хонданың арманы орындалғаны жақсы болған екен.Жапондар жаксы ойнайдыго! (Япония емес,матін қазақша болғасын Жапония деп жазылуы керек қой) 10. Ернат Темірбеков      (8-Қаңтар, 2014, 12:30) Бізге де қазақ клубтарына бір қымбат ақшаға осындай таланты бар ойыншыны сатып алу қажет. Біздің Қазақстан клубтарына тек аннан-қашқан, мыннан-қашқан ойыншыларды сатып аламыз. Не ойнаған ойыны жоқ, не береке жоқ. Мені қуантатыны қазақ клубтарының ішінде "Шахтер" мен "Астана" осы екі клубта ғана лигионерлер тамаша ойнайды. "Ақтөбе" мен "Қайратта" жақсы ойыншыларды сатып алып жүр кейінгі кездері. Осындай таланты бар ойыншыларды сатып алмаса қазақ клубтары дамымайды. 11. Роналду      (7-Қаңтар, 2014, 9:44) Керемет! Негізі Рома сапында мықты ойыншылар жоқ болса да Италия клубтарын састыруда. Ал Ювентусқа келсек бұл командада мықты ойыншылар жетеді. Соңғы жылдары А Сериясының клубтары кәрі құрлықта нашар нәтиже көрсетуде.Италия чемпионы Ювентустың өзі Түрік Супер лигасының командасымен бір топта ойнай тұрып жеңілуінің өзі Италия чемпионаты төмендеп бара жатқанын дәлеледеп тұр. 12.  Бауыржан     (17-Қаңтар, 2014, 9:00) Өте керемет мақала. Миклош Фехер бейнебаяны адамды жылатпай қоймайды. 13.Medet Adilov       (8-Қаңтар, 2014, 4:46) Реал осы жылы Испан лигасын алмаса да Чемпиондар лигасын алу керек. Әйтпесе 9 дүркін чемпиондарға Милан, Барселона, Бавария сияқты командаларда жақындап келе жатыр. Роналду бастаған жігіттер биыл бабында тұрганда алмаса жағдайлары қиындап кетуi әбден мүмкін. Барса мен Бавария 5 рет чемпион болмауына кім кепіл? 14. Мұхамеджан    (6-Қаңтар, 2014, 11:04) Я осындай футболшыларды сатып алу керек. Қазақстан чемпионаты қызықты болайын деп тұр. Мысалы Қайрат командасы күшейсе ертең одан қалыспай Ақтөбе командасы да мықты мықты футболшыларды сатып алады. Сол кезде чемпиондар лигасында жалауымыз желбірейтін еді. Ол күнгеде жетерміз. 15. Бердибек        (7-Қаңтар, 2014, 8:16) Асон былай ғой: мысалы Аргентина кұрамасындағы ойыншылар барлығы топ клубтарда ойнайды: Агуеро, Ди Мария,Тевес, Месси, Лавесси, Игуайн, Пасторе, Маскерано, т.б көптеген мықты ойыншылар бар. Ал Португалияда Роналду мен Пепе ғана топ клубта негізгі құрамда ойнайды,ал Нани мен Коэентрау қосалқы құрам ойыншысы,орталықта нағыз сайыпқыран шабуылшы жок десекте болады. Команданың жартысы Түркия,Украина,Ресей сияқты әлсіз чемпионаттарда ойнайды.Осыған қарап қай команданың құрамы мықты екенін білуге болады.Бірақ, сонда да Месси осындай құрамды пайдалана алмайды.Егерде Роналдудың қасында Мессидің қасындағыдай жігіттер болса талай биіктерге жетер еді. Португалия құрамына қарандаршы қандай ойыншылар барлығы мықты клубта ойнамайды. Роналду қолынан келгенше құраманы алға тартады. Бірақ қасында дем беретін нағыз топ ойыншылар болмаса калай биіктерге жетеді. Шамалы ойланғанымыз жөн. Мессидің қасында не керек соның барі бар. Сондықтан құрама жағынан Месси мен Роналдуды салыстыруға келмейді.Роналду мықты. ФИФА толған карупция,Өздерінің сүйікті ойнына жақтасады.Оның ойынына карамайды. Роналдудың шашына келсек ,шашын сәндесін озіне жарасады. Онда тұрган ешнарсе жоқ. Сенде  өзіне лайық шаш үлгісін жаса онда тұрған не зиян бар. Ол қанша ақша жұмсайды. Өз акшасы озі біледі. Озі еңбектеніп тапқан акшасы.Өз еркінде. Қайырылымдық қорын жалғыз Месси емес барлық жағдайы келген футболшылар жасайды.     Құрметпен сайт әкімшілігі
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×