Футбол федерациясы еурокубоктерде ойнайтын ұжымдарға неге жеңілдік жасамай отыр?

21.01.2014, 22:13
Футбол федерациясы еурокубоктерде ойнайтын ұжымдарға неге жеңілдік жасамай отыр?
Қазақстандық клубтар Анадолы жерінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан шақта, Қазақстан футбол қауымдастығы биылғы жылдың күнтізбесін құрды. Одан бөлек те ұлттық құрамаларымыздың ойындарының да тізімі жарық көрді. Футбол маусымы 9-наурыз күні Қазақстан Республикасы Суперкубогы ойынымен басталады. 2013 жылғы маусымда чемпион атанған «Ақтөбе» ел Кубогының иегері қарағандылық «Шахтермен»кездеседі. Ойын «Астана-Арена» стадионында өтеді. Одан кейін, ел біріншілігі 15 наурыз күні басталмақ. 1-турда ел чемпионы «Ақтөбе» сырт алаңда «Таразбен» ойнайды. Арно Пайперс командасы өз алаңында, маусымашар ойында чемпиондарды аспаннан жерге түсіруі ықтимал. Павлодарлық «Ертіс» пен Шахтер арасындағы ойынды алғашқы турдың орталық кездесуі десек болады. «Тобыл» болса премьер лига дебютанты Спартакты қабылдайды. 15 наурыз кезінде Қостанайда ауа-райының футбол ойнауға қолайсыз болатындығы сөзсіз. Ал «Қайрат» пен «Астана арена» секілді стадионы бар «Астана» командасының жанкүйерлеріне аса қатты қорқатын дәнеңе жоқ.        Қазақстан кубогы бәсекесі 23 сәуір күні басталып, 22-қараша күнә финалдық кездесумен аяқталады. Сонымен қатар, кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михайл Гурманның айтуы бойынша күнтізбеде еурокубоктерге байланысты ешқандай өзгертулер болмайды. Өздеріңіз білетіндей өткен маусымда қарағандылық «Шахтер» күнтізбелік ойынды 2-3 күнге жылжыта алмай, екі түрлі құраммен қақ жарылып, екі ойын өткізген болатын.  Федерация басшылары биыл да сол алған бетімізден қайтпаймыз дейді. Легионерге байланысты даулы сұрақ сол күйі қалды. Бұрыңғысынша премьер лига ұжымына 7 легионер қосуға болады. Олардың тек 5-еуі ғана алаңда өнер көрсетуге құқысы бар. Еуропа лигасында өнер көрсететін үш командамыз «Астана», «Қайрат» және «Шахтер» өз ойындарын шілденің 3-күні бастайды. Ал ел чемпионы «Ақтөбе» 15-16 шілде күні болатын Чемпиондар лигасының 2-іріктеу кезеңінен бастап жарысқа қатысады. Ал 23 ақпан күні болатын жеребеден соң Қазақстан ұлттық құрамасының Францияда 2016-жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарын қашан өткізетіні белгілі болмақ. I тур 15 наурыз (сенбі) 1. Тараз (Тараз) – Ақтөбе (Ақтөбе) 2. Ертіс (Павлодар) – Шахтер (Карағанды) 3. Тобыл (Қостанай) – Спартак (Семей) 4. Қайрат (Алматы) – Атырау (Атырау) 5. Астана (Астана) – Жетісу (Талдықорған) 6. Қайсар (Қызылорда) – Ордабасы (Шымкент)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×