"Ең үздік 3 пікір иесі" анықталды

04.02.2014, 06:17
"Ең үздік 3 пікір иесі" анықталды
"Ең үздік 3 пікір иесі" анықталды. Сонымен 1 - орын маңғыстаулық Нұрболат Бәлиев. Бүгінгі таңда Нұрболат әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде оқиды. Вк парақшасында 582 дауыс жинап сайыс жеңімпазы атанды.  Сонымен Aladop.kz сайтына жарияланған пікірін назарларыңызға ұсынамыз: "Хонданың жолы болды. Енді өзіне байланысты. Базельдің шабуылшысы Салахтың ойынын мен де көргем. Жақсы ойнайды шынымен. Оған басқа клубтар құда түсіп жатыр. Бірақ Aнглияға жол тартқаны жөн." Nokia 105 ұялы байланыс телефоны  өз иесін тапты. *********************************************************************************************************************** "Ең үздік 3 пікір иесі" анықталды. 2 - орын қызылордалық Мұхамеджан Мансұров есімді оқырманымызға бұйырды. Мұхамеджан бүгінде № 137 мектептің 9 - сынып оқушысы. Вк парақшасында 566 дауыс жинап, сайыс жүлдегері атанды. Сонымен Aladop.kz сайтына жарияланған пікірін назарларыңызға ұсынамыз : "Я осындай футболшыларды сатып алу керек. Қазақстан чемпионаты қызықты болайын деп тұр. Мысалы Қайрат командасы күшейсе ертең одан қалыспай Ақтөбе командасы да мықты - мықты футболшыларды сатып алады. Сол кезде Чемпиондар Лигасында жалауымыз желбірейтін еді. Ол күнге де жетерміз". Италияның Милан қаласынан әкелінген арнайы сыйлық - "Интер" клубының шарфы өз иесін тапты.  ********************************************************************************************************************** "Ең үздік 3 пікір иесі" анықталды. 3 - орын қарағандылық Думан Шамшиев есімді оқырманымызға бұйырды. Думан бүгінде Букетов атындағы КарГУ-да білім алуда. Вк парақшасында 337 дауыс жинап, сайыс жүлдегері атанды. Сонымен Aladop.kz сайтына жарияланған пікірін назарларыңызға ұсынамыз : "Базар жоқ Месси шабулшылардың арасында бар! Ал ол өткен жылы травма алмай бүкіл сезонды өткізгенде меніңше жеңіп кетуге болатын еді. Жай ойынымен 2013 - тің үздік құрамасының сапында жүр. Ал мықты ойнаған Левандовски ол құрамда жоқ. Енді ойланып қарасаңдар Месси бүкіл сезонда ойнағанда неге Алтын допты ала алмайды? Жаңа автор жазған екен ұлттық құраманы желкесінен сүйреп Әлем чемпионатына алып шықты деп. Ол айтқаны рас, бірақ, неге ол топтық кезеңге тікелей Мундиалға жолдамаға ие бола алмады? Группасында ең мықты деген Ресей кұрамасын жеңе алмады. Авторға сұрақ 2013 - те ол Реалмен қандай жетістікке жетті? Бірақ өткен іске өкінбе деген. Мен өзім Мессиге жанкүйермін. Месси өткен жылда жарты жыл ойнамады. Мен Алтын допқа Мессиді таласады деп ойламаймын. Барселонаға жеңіс тілеймін! Реалға сәттілік!" Дубайдағы Шарджа Университетінен арнайы сыйлық 4 GB флешка өз иесін тапты. Жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз! Жеңісті жолдарыңыз жалғасын таба бергей. Алдағы уақытта оқырмандар арасында жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Бізбен бірге болыңыздар!   Құрметпен сайт әкімшілігі  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×