Криштианудың күйгелектігі

04.02.2014, 06:56
Криштианудың күйгелектігі
    Биылғы «Алтын доп» иегері Криштиану Роналду кеше «Атлетик» командасына қарсы ойында алаңнан қуылды. Бұндай сәтсіз жағдай оның карьерасында сегізінші рет қайталанып отыр. Бір айта кетерлігі осының барлығына Роналдудың жүйкесінің тез сыр беруі себеп болған. Ашалап айтар болсақ, «МЮ» сапында төрт мәрте қызыл қағазбен жазаланған португалдық бұл «жетістігін» «Реал Мадридта» да қайталап отыр. ...................................................................................................................................... 1. 2004-2005 маусым. Манчестер Юнайтед 2-0 Астон Вилла Роналду 37 минутта «актерлік шеберлігін» көрсеткені себебті ескерту алған болатын. Ойынның 85 минутында оның шабуылын қапталдағы төреші тоқтатады. Бұған ол наразылығын допты алаң сыртына теуіп жіберіп көрсеткен болатын. алайда оның бұл еркелігі бас төрешіге ұнаған жоқ. Ол алаңнан қуылды. ...................................................................................................................................... 2. 2005-2006 маусым. Манчестер Юнайтед 1-3 Манчестер Сити Ойынның 66 минутында өзіне жасалған тәртіпсіз тосқауылға қарсы ашуын жасыра алмай, өрескел жауап қайтарғаны үшін оны бас қазы басынан сыйпай қоймады. ...................................................................................................................................... 3. 2007-2008 маусым. Манчестер Юнайтед 1-1 Портсмут 85 минут. Роналдудың «Портсмуттың» айып алаңында қорғаушыға қарсы жасаған өрескел әрекетіне бас қазы бір көзін жұмып қарай алған жоқ. ...................................................................................................................................... 4. 2008-2009 маусым. Манчестер Юнайтед 1-0 Манчестер Сити Манчестерлік дербидің 59 минутында ойын ережесін бұзғаны себепті сары қағаз алған болатын. Араға он минут салып қолмен ойнағаны үшін екінші сары қағазбен жазаланды. ...................................................................................................................................... 5. 2009-2010 маусым. Реал Мадрид 4-2 Альмерия Гол соққандағы қуанышын жасыра алмай киімін шешкені үшін ескерту. Ойын аяқталуға аз қалғанда төрешімен тіл табыса алмағаны үшін екінші ескерту. ...................................................................................................................................... 6. 2009-2010 маусым. Реал Мадрид 2-0 Малага Ойындағы қос голды да өз еншісіне жазған Роналду, бір қақтығыс сәтінде жүйкесін тежей алмай қасақана қарсыласына қол жұмсады. «Малага» ойыншысының мұрынынан аққан қан Криштианудың алаңнан қуылуына себеп болды. ...................................................................................................................................... 7. 2012-2013 маусым. Реал Мадрид 1-2 Атлетико Мадрид Испан кубгның финалы. 88 минутта төрешіге қарсыласқаны үшін ескерту алған ол, қосымша уақытта өзіне қарсы ойынаған Габидің аяғынан шалды. Бәрін бақылап тұрған төреші оған алаңның сыртын нұсқады. ...................................................................................................................................... 8. 2013-2014 маусым. Реал Мадрид 1-1 Атлетик Тақырыбымызға тұздық болып отырған да осы, күні кеше ғана орын алып отыр. «Атлетик» қорғаушысы Гурпегимен түсінспей қалған оның жүйкесі тез сыр берді. Қарсыласына қол жұмсағаны үшін алаңнан қуылды. Қуанышхан ӨМІРХАН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Айдар КҮМІСБЕКОВ
Серіктес жаңалықтары
×