Эривалдо: «Кейбіреулер қазақстандық футболды бағаламайды, бірақ мұнда ойнау оңай емес»

15.09.2021, 19:27
Португалиялық футболшы «Ақтөбемен» болған ойында дебют жасады.
Эривалдо: «Кейбіреулер қазақстандық футболды бағаламайды, бірақ мұнда ойнау оңай емес»

«Тараздың» португалиялық жартылай қорғаушысы Эривалдо Қазақстанға қоныс аударуы туралы пікір білдірді.

- Қазақстанға келу сіз үшін артқа жасалған қадам деп ойламайсыз ба?

- Әрине жоқ. Әйтпесе мен бұл жерде болмас едім. Қазақстан маған жақсы сынақ пен керемет тәжірибе бере алады. Кейбіреулер қазақстандық футболды бағаламайды, бірақ мұнда ойнау оңай емес.

- Қазақстан футболы туралы бұрын не білдіңіз?

- Шынымды айтсам, мен қазақ футболы туралы көп білмеймін. Қазір мен үшін бәрі жаңа, мен бұған үйренемін және бейімделемін. Маған жаттықтырушым да көмектесуде - ол таңғажайып адам және команда да керемет екен, сондықтан мен осында ойнап жүрмін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×