Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан жастар құрамасына шақыртылды

31.08.2021, 01:01
Қатарынан сегіз матчта гол соққан Мирас Тұрлыбек пен «Ақтөбе» шабуылшысы Максим Самородов жарақат алып қалды.
Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан жастар құрамасына шақыртылды

Қазақстан жастар құрамасының Данияға қарсы ойнайтын құрама тізіміне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Жартылай қорғаушы Максим Самородов пен шабуылшы Мирас Тұрлыбектің жарақат алуына байланысты Қазақстан жастар құрамасы сапында өзгерістер орын алды.

Олардың орнына «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет пен «Шахтер» командасының шабуылшысы Иван Свиридов шақыртылды.

Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу жарысын 7 қыркүйек күні өз алаңында Данияға қарсы матчтан бастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×