«Шахтер» шабуылшысы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды

31.08.2021, 00:06
Қайрат Нұрдәулетов футболшыны бұған дейін қосалқы тізіміне енгізген еді.
«Шахтер» шабуылшысы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды

Қарағандылық «Шахтердың» шабуылшысы Иван Свиридов ЕУРО-2023 турнирінің іріктеу кезеңіндегі ойынға қатысу үшін Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды. Қайрат Нұрдәулетов футболшыны бұған дейін қосалқы тізіміне енгізген еді.

Ағымдағы маусымда Свиридов барлық жарыстарда негізгі команда үшін 10 ойын өткізiп, 1 гол және 2 нәтижелі пастың авторы атанды. 

Еске салайық, Қазақстан U-21 құрамасы 7 қыркүйекте Дания командасымен кездеседі. Матч «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×