Ермұхамед МӘУЛЕН. Фанаттың ойы

16.02.2013, 06:50
Ермұхамед МӘУЛЕН. Фанаттың ойы
Ұлттық құрама - діңгегім (Мұхамеджан Тазабековтың ізімен) Жігітті жастық шақта еркі жеңер Сеніммен ұсталмаса сертің егер Фанатқа құл, бапкерге ұл болу ғой Жаттығуға кеп түйіссе тең тізелер Дублер жаттығу жасаса допты танып Алдымен аяқтағы доп түзелер Он голдың тоғызы пастан екен Пас түзелсе иншалла гол түзелер   Қазаққа техника, финт қайтып келер, Табансыз емес футболшым тайқып берер Қауқарлы командаға айналар ма, Шіреніп жүрген кезде шалқып нелер Фифадан қорықпайтын болды көп ел, Жаратса да одағым деп артық көрер Фифа ойыны ұстаның заты емес қой, Ұнамаса өзіне қайтып берер.   Бұл күні қай жағдаймен мақтанайық, Бүлдіргі көп агенттен сақтанайық. Түбім көкпар, ал ойным үлкен футбол, Солай қарай сеніммен аттанайық Лимит пенен дублерды ажыратпай Қай тірлікпен біз бүгін шаттанайық Бұрынғының ұраны «әдемі гол» Бүгінгінің ұраны «уақыт созайық».   Біз қазақ бұл күндері кіммен доспыз Адасып айдалада жүрген көшпіз Ағылшынның алдындағы доппен емес, Сербияның түбіндегі күшпен доспыз Төрешінің ұсағы түрмеде жүр Арбитрдың үлкені мінбеде жүр Байланысып шекпенді шенеунікпен Матч "өлтірген" бұл күні кірмеде жүр Ауыз айтып жүргенмен аяқ сенбес Жарақаттың үлкені іргеде жүр.   Футболда аз болған соң қуанар шақ Қазағым қай кезде де қиналғыш - ақ Аяқдопқа иіс алмас болса дағы Легионер мен сырттанға иланғыш – ақ Сенімге селкеу түсіп жаңылған көп Шторкты бапкер көрген құрам құсап, Өзге ойынға көбейсе өтушілер Сол болар тамырыңды қиған пышақ Бір-бірімізбен жатпайық қырылысып Екі чемпионатқа бөлінген Ресей құсап.     Футбол ойын емес қой қорек қылмас Қазақтан ол ешқашан бөлек тұрмас Фифаны ойлап көрмеген құрметсіздер Оны ойлап өз халқына себеп қылмас Трибунаның қайнағанын аңдитындар Комментатордың айқайын керек қылмас.   Футболсыз бұл қоғамда не істелмей жүр Ақша, пара қалғанын көзге ілмей жүр Пайдасы өз басынан аспайтындар Фанаттың көз жасынан сескенбей жүр Осдюшордан мықты боп өспегендер Бес маусымдық екеніне дес бермей жүр Күнтізбені сыйға тартсаң алмайтындар Чемпионаттың бар екенін ескермей жүр   Клубтар көп жүргізер үстемді елге Фифаға ғибадат аз істелгенде Бұл қазаққа футбол, футзал керек Күн жылынып немесе жаз келгенде. Неге финт, дриблингке талпынбайды Бәрін біліп туғандай іштен пенде Ертең бірақ өкініп қаламыз –ау Іріктеу келіп қасыңа түстенгенде Аяқтан күш, трансферден құның кетіп Африкадан адуынды күш келгенде.   Бапкердің таза болса ой дәптері Алаңда ақиқат доп қонбақ тегі Бір кезде Пушкаш та базаға кеп Тұрғанда ел көңілі толмап па еді. Кешегі Лобановский де тақтика оқып Теорияны білген ғой бойлап тегі Тек «Реалдан» қорыққан текті атамыз Мәскеудің сан тактикасын жоймап па еді Азулыны жеңетін Алматыға Негізгі құрамды әкеп қоймап па еді Миллион жиып трансферге ермеген соң Қырық жыл «Динамоға» бапкер болмап па еді Сол Киев бұл күнде ойын сатқан Букмекерге болысад деп ойлап па еді   Қазағым кейде рас Каррагерсің Каррагер қашанғы енді травма алсын? Жарнамаға алданған жастарымыз Көңіліне қайдан намыс, мінез енсін КФФға шындықты айтар бапкерлер жоқ Оған да халқым өзің куәгерсің Бапкер болып ақша іздеп, Түркия кетсе Командасында қайдан оның көрік болсын   Жүрміз – ау жүзді білмей, бірді біліп Қазақтан футболшысында түрлі қылық. Дискотекаң лимитчиктің мешітіндей Бимен фристайл салады шын бүгіліп Балотелли артық тұр Балтиевтен, Финтына тәу етеді, құлдық ұрып ОЖЖға (УТС) баратындай қуанады Байқауға шақырғанда шеттен клуб Қаймағы бұзылмаған қайран жастар Қайда кетіп барады мың құбылып.   Төрешіге сенбейтін фанаттар көп Жүргенменен дені сау саламат боп. Бүгінгінің клубына қарап тұрсаң Қалтасы бар түбінде қанағат жоқ Бүгінгі бапкерлерге қарап тұрсаң Қайраты бар қолында қаражат жоқ. Ойын сатқан тәлімсіз футболшың бар Жанкүйер мен фанатқа махаббат жоқ Жылдамдығы пәс, буыны бос ардагер бар Аяғында доп, артында қорғаныс жоқ. Жиырмасыншы ғасыр да аяқталды – ау Клуб – кердең, бапкерде шарапат жоқ.     Туыңды түсірмесін Тәңір қолдан Тарихқа көз салайық сағымданған Кеңестің дәуірінде үлкен футбол Мемлекеттік қолдаумен қабылданған Сол кеңестік кезеңде кең даламыз Күркіреп тұрды емес пе дарындардан Сегізбаев, Құралбек Ордабаев Футболдан қуат алып тамырланған Мазбаев, Қадырқұлов, Еңсебаев, Аладоптан нәр алып бағы жанған Смақов бекер жаттығу жасамапты Көне Түркі елінде қорған болған. «Қайраттың» бүгінгісі, ақтаңгері Балтиевта «Соколда» дамылдаған Солардың барлығы да тактикамен Ойын бастап, жолынан жаңылмаған Солардың фанаты-ек деп мақтанамыз Постер мен «кричалкаң» жоқ орындалған   Әріден түсінейік әрбір жайды Ешкім келіп голыңды салдырмайды «Аренада» Англияны қырмаса да Құрама өзегіңді талдырмайды. Пейілің мен ниетің тарылмасын, Сабырлы адам ашуға алдырмайды. Испанияға чемпиондықты берген құдай, Қазақты да кубоксыз қалдырмайды!
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×