«Ертіс» «Анжидің» дублін ұта алмады

01.03.2015, 23:46
«Ертіс» «Анжидің» дублін ұта алмады
«Ертіс» ФК оқу-жаттығу жиыны аясындағы соңғы жолдастық кездесуін өткізді. Дмитрий Черышев шәкірттері бұл жолы махачкалалық «Анжидің» қосалқы құрамымен күш сынасты. Бұл туралы павлодарлықтардың баспасөз-қызметі мәлім етіп отыр. Бірінші таймның аяғында Самат Смақов айып добын сәтті орындап, «Ертісті» алға шығарды. Екінші таймда ресейлік ұжым пенальти тебуге мүмкіндік алып, оны Тамирлан Джамалутдинов голға айналдырды. Бірнеше минуттан соң, Исмаил Корголоев қақпашының қателігін пайдаланып, «Анжиді» есепте алға шығарған. Дегенмен кездесу аяқталар тұста Изу Азука павлодарлықтарды жеңілістен құтқарып қалды – 2:2. Естеріңізге сала кетсек, «Ертіс» премьер-лиганың алғашқы матчында «Ордабасымен» кездеседі.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×