«Тобыл» жиынды жеңіспен аяқтады

01.03.2015, 23:44
«Тобыл» жиынды жеңіспен аяқтады
«Тобыл» ФК Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында соңғы жолдастық кездесуін өткізді. Бұл жолғы қарсыласы – өзбекстандық «Бухара». Қостанайлықтардың баспасөз-қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, ойыншыларға қатты жел кедергі келтірген. Ал кездесудің алғашқы голын қазақстандық футболшылар салды. Бугаевтың алыстан бағыттаған соққысынан кейін, кері серпілген допқа бірінші жеткен Шимкович көзге түсті. Бірнеше минуттан соң Игорь Бугаевтың өзі де гол соқты. Екінші таймда «Бухара» қанша тырысып баққанымен, қостанайлықтардың қақпасына қауіп төндіре алмады – 2:0. Естеріңізге сала кетсек, «Тобыл» премьер-лиганың алғашқы турында алматылық «Қайратпен» кездседі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×