«Ертіс» екпіндеп, «Тобыл» "тасып" жатыр

25.09.2012, 14:28
«Ертіс» екпіндеп, «Тобыл» "тасып" жатыр

Бірақ қостанайлықтар «Тараздан» жеңілгендерін төрешіден көруде. «Тобылдың» бас бапкері Вячеслав Грозный өз ойын бүкпесіз айтып салды да. Украина маманының айтуынша соңғы матчтарда төрешілер «Тобылды» тобықтан қағып, ойнатпай жүрген көрінеді.

Бүгін ХХІІІ-турдың қалған екі ойыны өтті. «Ертіс» өз алаңында «Ордабасы» клубын ойсырата жеңсе, «Тобыл» Қостанайда «Тараздан» ұтылып қалып, қылышын тасқа ұруда.

Бірақ қостанайлықтар «Тараздан» жеңілгендерін төрешіден көруде. «Тобылдың» бас бапкері Вячеслав Грозный өз ойын бүкпесіз айтып салды да. Украина маманының айтуынша соңғы матчтарда төрешілер «Тобылды» тобықтан қағып, ойнатпай жүрген көрінеді.

-       Павлодарда үш голдың екеуі ойын ережін бұзу арқылы соғылды. Сол кездесуде Бакаев Богдановтың мұнын сындырып, оған ота жасалды. Бүгін не үшін пенальти берді, түсініксіз. Біздің соққан голымыз есепке алынбады. Концевой алаңнан қуылды, – деп ашына сөйлеп, соңғы екі ойынның бейнетаспаларын УЕФА-ға жіберу ойында бар екендігін де сездірген. Мұндайдан құтылудың ең оңай жолы өз еліне кетіп қалу екендігін тілге тиек етіп, биыл «Тобылдың» өрнекті ойын үлгісін көрсетіп жүргендігі мен бес ойыншысының құрама сапына шақыртылғандығына да тоқталып өткен. Вячеслав Грозныйдың бүгінгі ойыннан кейінгі айтқан сөздері сайтымыздың орысша бөлімінде толық баяндалған: http://www.alasharena.kz/ru/post/3585   «Тобыл» – «Тараз» – 0:1 Гол: Диакате, 45-пенальтиден. Ахметов 69-минутта («Тараз»), Концевой 70-минутта («Тобыл») алаңнан қуылды. «Ертіс» – «Ордабасы» – 3:0 Голдар: Бакаев, 65 (1:0). Мальцев, 87-пенальтиден (2:0). Шабалин, 90+4' (3:0). Айтпақшы, өзбек легионері Ұ.Бакаев осы матчта Қазақстан чемпионатындағы 100-голын соқты. Ол 100 голды 190 ойында соққан екен!

Айқын Жаппар

алаш арена

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×