Тұңғыш рет футфристайлдан Қазақстан Чемпионаты өтеді

21.09.2012, 20:18
 Тұңғыш рет футфристайлдан Қазақстан Чемпионаты өтеді

Футбол фристайлы атты жобасы елімізде былтырдан бастап іске аса бастады. Сол сәттен осы күнге дейін екі жарыс өткізілді. 2011 жылы тұсау кесер сайыста алматылық Олжас Оқасов алтыннан алқа тақты. Биыл Оңтүстік астана біріншілігінде бәйгені Алматы облысының өкілі Айдар Сейтжанов иеленді.

23 қыркүйекте көптен күткен, тұңғыш рет футфристайлдан Қазақстан Чемпионаты өтеді. Ел біріншілігіне 20 дан астам сайыскер алтынға таласпақшы. Бүкіл шеберлігін көрсетуге Астана, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Шымкент және басқа қалалардың өкілдері келеді. Әлемде бұл спорт өнері әлдеқайда алға басқан, үлкен жарыстар өткізіліп жүр. Жуырда ғана Чехияда үшінші әлем чемпионаты болды. Футфристайл жастар арасында өте танымал, көбісі бұны өзінің кәсібіне айналдырған. Алғашқы Ел біріншілігінің мақсаты мен үміті, болашақтағы әлем сайысына қазақтың ұлын аттандыру. Ол арманымыз орындалуына алыс емес, 2013 жылы әлем чемпионаты іріктеу ойындары Астана немесе Алматы қалаларында өткізілуі жоспарда. Қазақ жігітерінің ала доппен музыка ырғағына қалай ойнайтынын көрем десеңіз, келіңіз. Жарыс арнайы футфристайлға арналған доптармен өткізіледі. Оның ішінде, осы Ел біріншілігіне арнайы ДЖИ ЭФ атты доп әкелінген. ДЖИ ЭФ – футфристайлдан әлем чемпионы Джон Фарнвор жасап шығарған добы. Және де жарысқа қатысушылар әйгілі МОНТА мен өнерін көрсете алады. ТӨРЕШІЛЕРГЕ КЕЛЕТІН БОЛСАҚ, БҰЛ ӨЗ ІСІНІҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ: Шеберлікті бағалайтындар: Руслан Балтиев (Қайрат ФК) және Сеильда Байшақов. Допты әнмен сәйкестіру: әнші Абдулкарим Каримов және Руслан Кривенков. Жігіттердің креативтік нөмірлеріне ұпай беретін белгілі қаламгерлер Гений Тулегенов пен Павел Цыбулин.   Анықтама тел: 8-707-334-76-55 немесе 8-777-231-40-77. Шынасылов Қуандық.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×