ЭССОМБО МЕН ӘЛИЕВ - «ЕРТІСТЕ»

10.02.2012, 07:24
ЭССОМБО МЕН ӘЛИЕВ - «ЕРТІСТЕ»

Түркия жерінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ертіс» командасы үшінші дивизионда өнер көрсететін «Сандиклиспор» командасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасты. Аталмыш ойында керекуліктер сапынан Андрей Буланович мергендігімен танылды. Дәл осы кездесуде қысқы трансферлік маусымда «Ертіс» командасының қатарына қосылған Әли Әлиев алғашқы кездесуін өткізді. 31 жасар футболшы өткен жазда ауыр жарақат алған болатын. Содан бері жасыл алаңға мүлде шықпаған Әлиев «Сандиклиспормен» болған ойында орталық қорғаушының қызметін атқарды. Естеріңізге сала кетейік, Ә. Әлиев бұған дейін алматылық «Қайраттың» намысын қорғады. Сондай-ақ, бірнеше жыл Түркия супер-лигасында доп теуіп, «Акчабат Себатспор», «Кайсери Эрджиеспор», «Карталспор» және «Диярбакырспор» сияқты командаларда өнер көрсеткен. Алдағы үш-төрт күн ішінде футболшы «Ертіс» клубымен келісімшартқа отырады.

Африкалық футболшы Тити Эссомба да футболдағы мансабын «Ертіс» клубында жалғастыратын болды. Камерундық шабуылшы бұған дейін «Ақтөбе», «Ақтөбе-Жас» командаларында ойнаған болатын

http://saryarka-samaly.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×