23 ақпан күні болатын жеребеден соң ұлттық құрамалардың 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарындағы топтары анықталатын болады.
Осы кезекті Еуропа чемпионатына қатыстатын командалардың саны 16 дан 24 ке артқанын білеміз. Жақында Еуропа футбол федерациясы іріктеу ойындарына жаңа бір өзгеріс енгізгенін жариялады. жаңа белгілеме бойынша отағасы- Франция құрамасы да іріктеу ойындарына қатысатын болады.
Осылай болғанда 54 ұлттық құрама 9 топқа тең бөлініп іріктеу ойындарын өткізетін болады. Франция командасы отағасы ел бола тұра іріктеу ойындарына қатысқан тұңғыш құрама атанғалы отыр.
Бірақ олар өз ойындарын жолдастық кездесу ретінде өткізеді. Франция құрамасы қатысқан ойындардың нәтижесі командалардың ұпай жинауына еш әсер етпейді.
Еуропа чемпионатын өткізу мүмкіндегіне Франция 2010 жылы Түркия мен Италияны жеңіп шығып қол жеткізген болатын.
Іріктеу ойындарына Еуропа футбол федерациясына мүше болғанна көп болмаған Гибралтар да қатысатын болады.
Қуанышхан ӨМІРХАН