Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өткен командалар белгілі болды

10.12.2021, 16:15
Өз топтарында екінші орын алған командалар УЕФА Чемпиондар лигасында үшінші орын алған клубтармен ойын өткізеді.
Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өткен командалар белгілі болды

УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсететін командалар белгілі болды.

Өз топтарында екінші орын алған командалар УЕФА Чемпиондар лигасында үшінші орын алған клубтармен ойын өткізеді. Бұл кезеңнің жеңімпаздары 1/8 финалға жолдама алады. Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Бетис» (Испания), «Брага» (Португалия), «Динамо» (Загреб, Хорватия), «Лацио», «Наполи» (екеуі де Италия), «Олимпиакос» (Грекия), «Реал Сосьедад» (Испания), «Рейнджерс» (Шотландия) командалары екінші орын алған болатын.

Ал оларға Чемпиондар лигасынан түскен командалар қарсылас атанатын болады. Олар: «Аталанта» (Италия), «Барселона» (Испания), «Боруссия» (Дортмунд, Германия), «Зенит» (Ресей), «РБ Лейпциг» (Германия), «Порту» (Португалия), «Севилья» (Испания ), «Шериф» (Молдова).

Топ жеңімпаздары тікелей Еуропа лигасының 1/8 финалына шықты. Олар: «Айнтрахт», «Байер» (екеуі де Германия), «Вест Хэм» (Англия), «Галатасарай» (Түркия), «Лион», «Монако» (екеуі де Франция), «Спартак» (Ресей), «Црвена Звезда» (Сербия).

Плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі 13 желтоқсанда Швейцарияның Ньон қаласында өтеді. Алғашқы матчтар 17 ақпанға, қарымта кездесулер 24 ақпанға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×