Еуропа лигасының сәрсенбі күнгі матчтарына болжам

13.12.2011, 20:44
Еуропа лигасының сәрсенбі күнгі матчтарына болжам

14.12 - 00:05

Маккаби (Х, Израиль) - Шальке (Германия)

Стяуа (Румыния) - АЕК (Л, Кипр)

Бұл топта «Шалькеге» келесі кезеңге өту туралы әңгіме қозғаудың керегі жоқ. Меселе шешіліп қойған. Ол одан кейінгі үш команданың да плэй-офттан дәмесі бар. «Маккаби»  сондықтан да немістерді жеңуге тырысады. Ал ұтылып қалса «Стяуа» мен «АЕК тең түсуін күтеді. Ол екеуінің қай жеңгені келесі кезеңге өтіп кетуі ықтимал. Ал өз алаңында ойнайтын командалар бұл жолы ұтыла қоймайтын шыңар деген ойдамыз. Менің ойымша келесі кезеңге екінші орынмен «Маккаби» шығатын секілді.

Висла (К, Польша) - Твенте (Голландия)    1х Фулхэм (Англия) - Оденсе (Дания) п1

Мұнда да ұқсас жағдай. «Твенте» бір аяқпен келесі кезеңде тұр. Ендігі сұрақ екінші орынның иегері кім. Менің жауабым ол – «Фулхэм». Ағылшындар өз алаңында «Оденсені» жеңсе барлық мәселеге нүкте қойылады. Қала маңын мекендеген коттеждіктер «Висланың» алдын орауы тиіс.

Андерлехт (Бельгия) - Локомотив (Ресей) п1, Фора 1к (0) Штурм (Австрия) - АЕК (А, Греция) п1

Бұл топтың кездесулеріне аса қиналып, зерттеу жүргізіп, болжам жасаудың керегі шамалы. Мұндағы матчтарда кез-келген жағдай орын алуы ықтимал. Сондықтан біреуіне де нақты отырып бәс тіге алмаймын. Десе де «Андерлехт» Еуропа лигасын «Реал» секілді 100 пайыздық көрсеткішпен аяқтағысы келеді. Оның үстіне Ибричич, Глушаков секілді «Локомотив» ойыншылары Бельгияға сапар шекпейді. Ал «Штурмға» қаржылай сыйақының еш артықшылық етпейтіні белгілі. Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі әрбір ұтысқа қосымша УЕФА тарапынан ақша бөлінетіні белгілі.

Цюрих (Швейцария) - Васлуй (Румыния)   х2 Лацио (Италия) - Спортинг (Португалия)  п1

«Цюрих» пен «Спортинг» сонғы турда кездескенде жақсы болар еді. Себебі, екеуіне де турнирлік маңызды матчтар бұйырмай тұр. Екінші орынға таласты «Лацио» мен «Васлуй» қыздырмақ. Клозе, Сиссе секілді жігіттерге португалиялық ұжым жеткілікті қарсылық көрсете алмайтын шығар. Екінші орын италиялықтарға бұйыратынға ұқсайды.

Динамо (К, Украина) - Маккаби (ТА, Израиль) п1 Бешикташ (Түркия) - Сток Сити (Англия)

Андрей Шевченко, Александр Шовковский осы ойында алаңға шыға алмайды. Дегенмен теориялық бар мүмкіндікті киевтің жігіттері барынша жүзеге асыруға тырысады. Бешикташқа» жету үшін Семин шәкірттеріне «Маккабиді» 3 доп айырмасымен ұту керек. Оның үстіне «Бешикташ» өз алаңында ағылшындарға ұтылуы қажет. Ал бұл қиындай мәселе. Ағылшындар немістер емес. Ұпай керек емес матчта олар міндетті түрде екінші номірмен өнер көрсетеді. Сондықтан да «Бешикташ» Куарежмасыз да осы кездесуде ұтылмайды деп ойлаймын.

Слован (Словакия) - Зальцбург (Австрия) п2 ПСЖ (Франция) - Атлетик (Испания)          п1

ПСЖ мен «Зальцбург» арасындағы жеке кездесулердің есеп айырмасы австриялықтарды алға шығарып тұр. Сондықтан енді барлық мәселені доп айырмасынан іздеу керек. «Зальцбург» өзінің шабуылдау мәнерін жақсылап пайдаланса сырт алаңда братиславалықтар қақпасына кем дегенде 2-3 гол соғуы ықтимал. Ал ПСЖға кем дегенде «Атлетик» қақпасына 4 гол соғу керек. Әрине, «Зальцбург» сырт алаңда тең ойнап жатса онда кез-келген есеппен тіркелген жеңісте жетеді. Менің ойымша плэй-оффқа австриялықтар шықса ешкім қарсы болмайтын шығар.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×