Жамбыл Көкеев "Астанада"

13.12.2011, 06:20
Жамбыл Көкеев "Астанада"

Келер жылы чемпион болуды мақсат тұтқан "Астана" командасы өз сапына мықты ойыншыларды тартуды жалғастыруда. Командадан Боговац, Бугаев секілді ойыншылар кеткенімен, Белич секілді шабуылшылар қайтадан клуб сапына оралуда. Өткен жылы Еуропа лигасында жемісті өнер көрсеткен Жамбыл Көкеев енді Олег Протасов қол астында жаттыққанды жөн көріпті. Көкеевпен бірге тәп-тәуір түсіністік тауып жүрген Ұлан Қонысбаев Түркияға кетпесе, "Астанаға" қайта келуі де жасырын емес. Себебі, "Шахтерде" тараздық ойыншы жалға алынып ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×