Фанаттар пікірі. "Реал" "МЮды" ұтуға тиіс

13.02.2013, 23:33
Фанаттар пікірі. "Реал" "МЮды" ұтуға тиіс

Бүгін ақпанның 14-жұлдызы бүкіл әлемдік ғашықтар күнімен пара-пар келіп отырған УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында ең маңызды ойындардың бірі әрі бірегейі Испания жеріндегі корольдік «Реал» футбол клубы мен ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубтары арасындағы ойыны болмақ. Тіпті, ойынның нәтижесіне қарай мадридтік клубтың бапкері Жозе Моуриньоның тағдыры шешіледі. Өйткені, Ла Лигада айтарлықтай жетістіктерге жете алмай жүрген корольдік клубтың биылғы жылға қойған ең үлкен мақсаты УЕФА Чемпиондар лигасының кубогін жеңу. Шегінерге, қателесуге жол жоқ.

Австрияның «Bwin» букмекерлік конторасының болжауынша бүгінгі орталық ойында «Реал» нық сеніммен жеңіске жетеді. Корольдік клубтың жеңісіне 1,60, тең ойынға 4,5, ал МЮ-дің сырт алаңда жеңіске жетуіне күмәнданып небәрі 4,5 коэфициент беріп отыр. «МЮ»-ге қарсы гол салсам қуанбаймын деп уәде берген Криштиану бүгін расымен де гол салса қайтер екен? Жалпы португалдықтың ойыншы болып әлемге танылғанына «Қызыл сойқандардың» берген үлесі мол екенін ескерсек, онда бүгін гол салып жатқан жағдайда Кришти қуанбайды. «МЮ» қақпашысы Де Хеа қарсылас команданың негізгі қақпашысы Икер Касильястың алаңға шықпайтынын айта келе, оларда Касильястың орнын басатын қақпа күзетушілер баршылық екенін де естен шығармайды. Лондондық «Арсеналда» бірнеше жыл доп теуіп, айтарлықтай табыстарға жете қоймаған Робин Ван Перси былтырғы трансферлік маусымда Сер Алекстің қосынына келгені белгілі. Содан бері әр ойында кемінде бір гол немесе бір голдық пас беріп, командасының тасын өрге домалатып жүргенін ескерсек, бүгінгі ойында Серхио Рамос пен Пепе бастаған тас қамал қорғаушыларға оңай болмасы белгілі. Сонымен қатар, кезінде «бұзық баланы» Руни ред. тәрбиелеп шығарған Сер Алекс мырза да өзінің сенімді шәкіртіне бүгінгі ойында зор сеніммен қарайды. Ойынның  сырт және өз алаңдарында болатынын ескерсек, бүгінгі ойын негізгі есепке соншалықты өзгертулер әкелмеуі мүмкін. Бірақ, көп жағдайда алғашқы ойын өте тартысты және маңызды болары айдан анық.

Төменде спорт мамандары мен әнші-жанкүйерлердің бүгінгі ойынға пікірін назарларыңызға ұсынамыз.

 Рауан ОҚАС, 31-арнасының журналисі

Реал жанкүйері

 Жылдың ең басты әрі көрікті матчы болуға лайық "Реал"- «МЮ» матчынан күтер үміт көп. Бұл кездесу Жозе үшін өте ауыр. Тамшылап жинаған беделін, шелектеп төгіп алмаса әккі маман. Қазір испан клубы үшін бәрі сәтті болып жатқан жоқ. Сондықтан Жозенің өзін дәлелдейтін сәт осы. Моуринью Алекс Фергюсон командасынан қалай айласын асыру керектігін біледі. 2:1. Реал жеңеді. Ал топтық кезеңде бәрін таң қалдырған "Боруссия Дортмунд" бүгін ұтылады. Жеңіс "Шахтерде". 3:1

 

Жалын ҒАЛЫМ, әнші-композитор

Реал жанкүйері

Бүгінгі ойын әбден қызық болары сөзсіз. Дүйім жұрт қос командаға да қарап бірден сан түрлі пікірлерін де айта алмайды. Өйткені екеуі азулы, АЛЫП командалар. Мұнда енді жеке субъективті пікірге орын беретін болсам, МЮдан гол салулары әбден мүмкін ойыншылар: ВАН ПЕРСИ және РУНИ деп білемін. Ал корольдік клубтан: РОНАЛДУ мен БЕНЗЕМА, сосын Өзіл де аянып қалмас. Негізінен ойын тең дәрежеде, болмаса бұл жолы жеңіс корольдік клубта болар деген ой. Әрине, негізгі құрам толық өнер көрсетсе. Жалпы есеп 3:2

 

Ануар АБДРАХМАНОВ, sports.kz сайтының тілшісі

Барселона жанкүйері

Бүгінгі ойында мен МЮ-ды қолдаймын. Себебі, мен Барселонаның жанкүйерімін. Менің ойымша осы матча МЮ жеңіске жетеді. Соңғы уақытта корольдік клубтың жағдайы мәз емес. Испания біріншілігінде чемпиондықтан қол үзген клуб, енді бар күшін Чемпиондар лигасына бар күшін салатыны анық. Манкуньяндықтар өте жақсы жағдайда. Ішкі біріншілікте олар бірнеше орында нық орналасып келеді. Оған қоса шабуылда Руни мен Ван Перси қарсыластардың қорғаушылары еш мұрша бермей голдарды жаңбырдай салып жүр. Реалға матчтың үйде өтетіні көмектесуі мүмкін. Бұл ойын 21 ғасырдың екі беделді бапкерлері Фергюсон мен Моуриньоның шайқасы болатыны анық. Қос команда да шабуылдағаыш ойынды ұнатады. Сол себепті фуболшылар нәтижелі ойын көрсетуі тиіс. Оның тағы бір себебі, ұжымдардағы қорғаныстағы қиыншылықтар. Менің осы ойынға болжамым 2:3! «Қызыл сойқандар» жеңіске жетеді деп ойлаймын.    

Руслан БАҚЫТЖАН, журналист

Галатасарай жанкүйері

Менің ойымша, бүгінгі орталық ойында қос команда да аянып қалмас. Екі жақ бір-біріне гол салатыны айдан анық. Біріншіден, корольдік клубтың негізгі қақпашысы Икер Касильяс өз командаластарына көмекетесе алмайды. Сол себептен де, Руни мен Ван Перси бастаған жігіттер әупірімдеп жүріп негізгі қақпашының жоқтығын пайдаланып, сырт алаңда гол салуы мүмкін. Екіншіден, өз алаңдарында өзі қожа, өзі төре «Реалдың» жігіттері міндетті түрде кемінде 2 гол галатындай қауқары жетеді. Оның үстіне Ла Лигадағы жағдайы мәз емес корольдік клуб бүгін түнде барын салып ойнайтынына кәміл сенемін. Алыптар айқасында алаң иелері жеңіске жетеді. Есеп 4:2! Реал!

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Қонақтар басым түсті
Келесі жаңалық
Реал - Мю 1-1. Фоторепортаж
Серіктес жаңалықтары
×