Филиппе Коутиньо «Астон Вилла» ойыншысы атанды

08.01.2022, 19:54
Бразилиялық футболшы жалақысын төмендетуге келісті.
Филиппе Коутиньо «Астон Вилла» ойыншысы атанды

«Барселона» ресми сайтында 29 жастағы жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньоның «Астон Виллаға» ауысқанын хабарлады. Бразилиялық футболшы маусымның екінші жартысын Англияда өткізеді.

Футболшы алдағы 48 сағат ішінде медициналық тексерістен өтіп, Бирмингемге келеді деп күтілуде. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін «Астон Вилла» Коутиньоны сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Ал «Барселона» алдағы алты ай бойы футболшының жалақысының бір бөлігін төлемек.

Каталониялық клуб Коутиньоны 2018 жылдың қаңтарында «Ливерпульден» 135 миллион еуроға сатып алған еді. Бразилиялық жартылай қорғаушы «Барселона» үшін 106 матч өткізіп, 25 гол мен 14 нәтижелі пастың авторы атанды. Жартылай қорғаушының испаниялық клубпен келісім-шарты 2023 жылы аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×