Еуропа чемпионы канадалық клубпен келісім-шартқа отырды

09.01.2022, 16:57
Футболшының жылдық жалақысы 15 миллион еуроны құрамақ.
Еуропа чемпионы канадалық клубпен келісім-шартқа отырды

«Наполидің» шабуылшысы Лоренцо Инсинье «Торонто» клубына ауысты. Футболшы жазда неаполитандықтармен келісім-шарт мерзімі біткенде канадалық команданың жаңа ойыншысы атанады. Бұл туралы «Торонтоның» баспасөз қызметі хабарлады.

30 жастағы Инсинье жаңа командасымен 4 жылдық келісім-шартқа отырды. Ол 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Соған сәйкес, италиялық футболшының жылдық жалақысы 15 миллион еуроны құрайтын болады.

Осы маусымда Инсинье барлық турнирлерде 19 матчта бес гол соғып, алты нәтижелі пас берді. 2021 жылдың жазында италиялық шабуылшы Еуропа чемпионатында топ жарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×