Кристиан Эриксенге англиялық клубтар көз тікті

10.01.2022, 15:54
Антонио Конте футболшымен қайтадан бірге жұмыс істегісі келеді.
Кристиан Эриксенге англиялық клубтар көз тікті

Даниялық жартылай қорғаушы Кристиан Эриксенге АПЛ клубтарынан ұсыныс түсті, деп жазады журналист Николо Скира өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің хабарлауынша, 29 жастағы Эриксенге «Тоттенхэмнен» бөлек, франциялық «Монако», голландиялық «Аякс» және даниялық «Оденсе» клубтары да қызығушылық танытуда.

«Мен соңғы кездері Кристианмен сөйлескен жоқпын. Оның алаңда жаттығып, доппен жұмыс істегенін көрудің өзі бір ғанибет. Біз өте күшті футболшы туралы айтып отырмыз. Бірақ одан да маңыздысы - ол керемет адам. Кристиан үшін есік әрқашан ашық деп ойлаймын», - деді лондондық клубтың бас бапкері Антонио Конте

Естеріңізде болса, даниялық футболшы жақында ғана «Интер» клубымен келісім-шартты бұзған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×