Қазақстан Суперкубогі кейінге шегерілуі мүмкін

10.01.2022, 16:21
Турнир 24 ақпанда басталуы керек еді.
Қазақстан Суперкубогі кейінге шегерілуі мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, елдегі соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Суперкубогінің ойындары өтпеуі мүмкін.

Турнир маусым барысында өткізіледі деп күтілуде, ал оған төрт емес, екі клуб қатысуы әбден мүмкін.

Еске сала кетейік, Қазақстан Суперкубогі 24 ақпанда басталуы керек еді. Турнирге «Тобыл», «Астана», «Қайрат» және «Қызыл-Жара» клубтарының қатысады деп жоспарланған. Барлық ойындар «Астана Аренада» өтеді деген де ақпарат тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×