Футболдан Испания чемпионатының 21-ші туры «Гранада» және «Малага» командалары арасындағы ойынмен тәмәмдалды

09.02.2012, 22:40
Футболдан Испания чемпионатының 21-ші туры «Гранада» және «Малага» командалары арасындағы ойынмен тәмәмдалды
Екі жақ команданың да батыл әрекеттерінің арқасында кездесу өте тартысты өтті. Голдардың барлығы тек екінші таймда ғана соғылды.57-ші минутта алаң иелері басымдық танытты. Микеля Риконың пасын Гранада шабуылшысы Одион Игало пайдаға жаратып бірінші болып есеп ашты. Бірақ бұл нәтижеге көңілі толмаған Малага футболшылары таразы басын теңестірді. Бұл жерде Саломон Рондон бірігей ерекшелегімен көзге түсті. Дегенмен алаң қожайындары 81 минутта таразы басын өздеріне аудару мүмкіндігіне ие болды.Малага қақпашысы Вильфредо Кабальеро Гильермоның добын қақпаға дарытпады. Алайда Иньиго Лопес бірегей соққы жасап 2:1 есебімен жанкүйерлер қошеметіне бөленді.Қатарынан екінші рет жеңіске жеткен Гранада 14 орынға көтеріліп сәтті өнер көрсетуде.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×