Горан Миланович: Карповичтің ойыны ұнады

12.07.2012, 07:17
Горан Миланович: Карповичтің ойыны ұнады
"Ордабасының" ертеңгі ойынының алдында "Ягодина" клубының президенті Горан Милановичтің алдағы кездесу жайлы пікірін білген едік. - Сербиядағы бірінші ойынның алдында біз қарсыластарымыз жайлы ешнәрсе білген жоқ едік. "Ордабасыны" да біздің клубтан хабарсыз болды. Сондықтан ол кезде жеңіске екі команданың да мүмкіндігі бірдей болды. Бірақ "Ягодина" өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмаса, қазақтар сәтті ойын үлгісін көрсетіп кетті. - Ал "Ордабасы" сапында кім ұнады? - Маған 8-ші нөмірлі ойыншыларыңыз өте ұнады. Ойынды өзіне ала білетін керемет футболшы екен. Команданың көшбасшысы екені көрініп тұр. Жігіттерін алға жетелеумен болды. Әттең, фамилиясы есімде қалмапты (Миланович Андрей Карповичті меңзеп отыр - авт). - Енді ертеңгі ойында кім фаворит? - Бұл жолы біз "Ордабасының" ойын жүйесін толық біліп алдық. Олар да біз туралы біраз мағлұмат алған болар. Рас, алаң иелері болғандықтан "Ордабасыға" аздап оңайырақ болатын шығар. Бірақ менің пікірім - 50/50. Екі команданың да келесі кезеңге өту мүмкіндігі тең.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×