Футболдың сәні – ысқырық

11.07.2012, 23:10
Футболдың сәні – ысқырық
11.07.12. Кеше спорт тарихына үңіліп жүретін жұрт Ысқырық күнін атап өтті. 1873 жылдың 10 шілдесінде Англияда футбол төрешісі ойын ережесін бұзған жағдайда, ойынды тоқтату үшін алғаш рет ысқырықты пайдаланыпты. Содан бері қаншама жыл өтсе де, жасыл алаңда ысқырық жұрттың жүйкесіне тиген емес. Керісінше, ойынды ысқырықсыз елестету мүмкін болмай қалды. Енді «Төреші ысқырықты 1873 жылы ғана неге пайдаланған, бұрын неге пайдаланбаған?» деген сұраққа тоқтайық. Неге десеңіз, сол кездері төрешінің ойынға өз бетімен араласуына тыйым салынды. Олардың мін­деті, ойынның уақытын қадағалау, матч туралы жазу, ойыншыларды алаңнан шығару және тағайындау, сондай-ақ өзара келісе алмаған жағдайда, команда өкілдерінің дауларын шешу болған. Олар ойын ережесі бұзылғанда айғайлап немесе қоңыраулар арқылы ойыншыларды тоқтатқан. Назар аударту үшін түрлі белгілер пайдаланған. Ал ысқырықты пайдалану тіпті қызық оқиға. Ол кезде ойынға төрелік етуге әуесқой азаматтар тартылған. Олардың мамандықтары да түрліше болған. Тек 1873 жылдың 10 шілдесінде ойынға төрелік ету полицейге сеніп тапсырылыпты. Ол ойын барысында төбелес шыққан кезде көп ойланбастан ысқырықты пайдаланып, ойынды тоқтатып тастап отырған. Содан бастап төрешілер алаңға ысқырықпен шықты және бұл үрдіс футбол тарихына жаңалық әкелді. Әрине, жағымды жағынан.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×