«Гранада» футболшысы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды

27.05.2022, 01:18
Футболшы Дінмұхамед Қашкеннің орнына шақыртылды.
«Гранада» футболшысы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды

Қайрат Нұрдәулетов командасы ЕУРО-2023 іріктеу кезеңі аясында Дания және Түркиямен өтетін ойындарға дайындықты бастады.

Қатарда өзгерістер бар. Алдағы ойындарға қорғаныстың ойыншысы Дінмұхаммед Қашкен қатыспайды. Оның орнына Испанияның «Гранада» командасында ойнайтын Асқар Сатышев шақырылды.

Бірінші лигада ойнайтын футболшылар жастар құрамасының қатарына кейін қосылады. Олардың арасында «Қайрат-Жастар» қақпашысы Темірлан Анарбеков, «Қайсар» қорғаушысы Әділбек Жұмаханов және қосалқы тізімнен шақырту алған «Оқжетпес» ойынышсы Мейрамбек Қалмырза бар.

Сонымен қатар жастар құрамасы «Қайрат-Мәскеуде» ойнайтын Александр Широбоковты да күтеді. 

30 мамыр күні Қазақстан U-21 құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын жалғастырып, әрі қарай Данияға жол тартады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×