Усман Дембеле мансабын Францияда жалғастырады

26.05.2022, 17:51
Футболшы командаластарына «Барселонадан» кететінін мәлімдеді.
Усман Дембеле мансабын Францияда жалғастырады

«Барселонаның» шабуылшысы Усман Дембеле клубпен келісім-шартын ұзартудан бас тартып, ПСЖ-ға ауысу туралы шешім қабылдады. Футболшы 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап париждік клубтың ойыншысы атанады.

AS басылымының хабарлауынша, 25 жастағы француз футболшысы командаластарына «Барселонадан» кететінін айтып үлгерген. Оның Испанияда тұрған үйі қайтадан жалға берілді.

Дембеле 2017 жылдан бері «Барселона» сапында доп тепті. Содан бері шабуылшы каталониялық клуб үшін 150 ойында 32 гол соғып, 34 нәтижелі пас берді. Тараптар арасындағы келісім-шарт мерзімі маусым айының соңында аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×