Златан Ибраһимович ота жасатты

26.05.2022, 14:20
Футболшы өте ұзақ уақытқа қатардан шығып қалды.
Златан Ибраһимович ота жасатты

«Милан» шабуылшысы Златан Ибраһимович жарақатына байланысты жеті-сегіз ай бойы алаңға шыға алмайды.

Клубтың ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, 25 мамырда 40 жастағы футболшының сол жақ тізесіне ота жасалған екен.

Бұған дейін шабуылшының мансабын жалғастырғысы келетіні, бірақ әлі түпкілікті шешім қабылдамағаны хабарланған болатын. «Милан» өз кезегінде Ибраһимовичке жылдық жалақысы 2,5 миллион еуроны құрайтын келісім-шарт ұсынды. Егер футболшы мансабын жалғастырудан бас тартса, Мино Райоланың компаниясында жұмыс істеуі мүмкін.

Айта кетейік, «Милан» бірнеше күн бұрын 2010/2011 жылғы маусымнан бері алғаш рет Италия чемпионы атанған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×