Жозе Моуриньо қос бірдей рекорд орнатты

26.05.2022, 13:02
Жозе кешегі ойыннан кейін «Ромадан» кетпейтінін мәлімдеді.
Жозе Моуриньо қос бірдей рекорд орнатты

Кеше италиялық «Рома» Жозе Моуриньоның жетекшілігімен Конференция лигасының финалында голландиялық «Фейеноорд» командасын (1:0) ұтып, турнирдің жеңімпазы атанды.

Осылайша, португалиялық маман үш бірдей еурокубок бәсекесінде, атап айтсақ, Чемпиондар лигасын, Еуропа лигасы және Конференция лигасында жеңіске жеткен алғашқы бапкер атанды.

Сондай-ақ Моуриньо футбол тарихына төрт түрлі командамен еурододада топ жарған жалғыз бапкер ретінде енді.

Бұған дейін Жозе бапкер екі рет «Портумен» (2003/2004 маусымы) және бір мәрте «Интермен» (2009/2010 маусымы) сапында Чемпиондар лигасын ұтқан болатын. Сондай-ақ португалиялық маман «Манчестер Юнайтедпен» бірге Еуропа лигасын бағындырды. Оған қоса, «Портуға» 2002/2003 жылғы футбол маусымында УЕФА кубогын жеңіп әперді.

«Мен кез келген ұсынысты қабылдамаймын. Тіпті қауесеттер болса да мен «Ромада» қаламын. Бүгін біз тарих жасадық. «Романың» бапкері ретінде жұмыс істей беретініме еш күмәнім жоқ», - деді Моуриньо кешегі ойыннан кейін берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×