«Рома» - Конференция лигасының жеңімпазы

26.05.2022, 17:37
Матчтың тағдырын бір ғана гол шешіп кетті.
«Рома» - Конференция лигасының жеңімпазы

Конференция лигасының финалдық ойынында «Рома» мен «Фейеноорд» клубтары Тиранадағы (Албания) «Арена Комбетаре» стадионында күш сынасты. Тартысты өткен матчта италиялық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудегі жалғыз әрі жеңісті голды 32-минутта Николо Заньоло соқты.

А сериясындағы нәтижеге сәйкес, Жозе Моуриньоның шәкірттері келесі маусымда Еуропа лигасына қатысады. Римдік клуб Италия чемпионатын алтыншы орынмен аяқтады.

Бір қызығы, «Рома» соңғы он екі жылда еурокубоктік турнирде топ жарған алғашқы италиялық команда атанды. Соңғы рет 2009/2010 жылғы маусымда «Интер» Чемпиондар лигасын жеңіп алған болатын. Бір қызығы, миландық клубты сол кезде Жозе Моуриньо баптаған еді.

Конференция лигасындағы жеңіс арқылы «Рома» 1961 жылдан бері еурокубоктегі алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. Соңғы рет римдік клуб өткен ғасырда «Жәрмеңке кубогі» деп аталатын турнирді жеңіп алған. Сонымен қатар «Рома» 2007/2008 жылғы маусымнан бері бірде-бір трофей жеңбеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×