Гвардиола: "Мессимен мақтанамын"

25.11.2014, 16:52
Гвардиола: "Мессимен мақтанамын"
"Бавария" командасының бас бапкері Пеп Гвардиола, сенбі күні Испан Премьерасының тарихында үздік сұрмерген атанған Месси жайлы ойымен бөлісті. Месси "Севилья" қақпасына салған 3 голынан кейін, әйгілі Сарраның рекордың жаңартып, Премьерадағы голдар санын 253-ке жеткізген болатын. "Мен Мессидің футболдағы мансабы "Барселонада" аяқталғанын қалаймын. Барселона оның өз үйі, оны бәрі жақсы көреді, құрметтейді. Оның рекорды жайлы? Маған сеніңіз, Месси өзінің соққан голдар санын алдағы 100 жылдықта ешкім де қуып жете алмайтын санға жеткізеді. Сарра мәңгілікке орнатып кеткендей көрінген рекордты басып озды. Ондай жетістік Мессиге дейін Премьерада ойнаған талай-талай майталмандардың қолынан келмеген. Бұл тамаша жетістік. Мен шәкірттіммен мақтанамын!" Естеріңізге сала кетсек, Гвардиола 2008-2012 жылдар аралығында "Барселонаның" бас жаттықтырушысы болып, клубтық деңгейдегі бүкіл турнирлерді жеңіп алған. Месси де, осы маманның қол астында әлемнің төрт дүркін алтын доп иегері атанған болатын.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Театр маусымы аяқталды
Серіктес жаңалықтары
×