Иран қыздардың футбол құрама командасы үшін жаңа киім үлгісін әзірлеуде, деді Иран футбол федерациясы төрағасның әйелдер футболы мәселесі жөніндегі орынбасары Фарида Шоджаи.
Шоджаидың айтуынша, иран федерациясының өкілдері ФИФА басшысы Йозеф Блаттермен және қауымдастықтың тәртіп комиссиясының мүшелерімен кездесіп, ислам талаптарына жауап беретін әрі ФИФА міндеттерін де бұзбайтын жаңа спорттық костюм әзірлеуге келіскен көрінеді.
Футболшы қыздарға жаңа форма дайындау үшін бірнеше дизайнерлер тартылғандығын тілге тиек етеді жауапты қызметкер.
«Форма ФИФА бекіткеннен кейін пайдаланылатын болады», – деді Шоджаи.
аламан.кз
КПЛ-ға тиімді ставкалар мен арнайы акцияларды FONBET ұсынады – Қазақстандағы ең үздік VIP-бағдарламасы бар букмекер. Жаңа клиенттерге осы сілтемемен, ALADOP промокоды арқылы тіркелгенде, FONBET алғашқы шотты толықтырғаны үшін 200 000 теңгеге дейін бонус береді: http://www.fonbet.kz/s/21Xe9a